Қырғызстан астанасында 17 жастағы Қазақстан азаматы Ілияс Абдуллаев жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстары үш күннен бері жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Тамыздың 28-і күні Бішкек тұрғыны полицияға жүгініп, олар жиені «Джунхай» базарынан белгісіз бағытта шығып кетіп, содан бері еш хабар болмағанын айтты”, – деп жазады Sputnik-Қырғызстан агенттігі Қырғызстан Республикасының Свердлов облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бойы шамамен 160 сантиметр болатын арық денелі жасөспірім ақ-қара түсті бас киім киген. Полицейлер жас жігіттің психикалық ауытқушылықпен ауыратынын және әңгіме кезінде өзін агрессивті ұстауы мүмкін екенін ескертті.