15 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау, Алматы облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, Жетісу облысында да ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Comments (0)
Add Comment