14 жасар шахматшы шашасына шаң жұқтырмады

Бүгінде елімізде шахмат ойыны қарқынды дамып, спортшыларға барлық жағдай жасалуда. Соның нәтижесінде саңлақтарымыз дүбірлі додаларда еліміздің айбынын асыруда. Айталық, жуырда шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы жалпы есепте 2-орын иеленді. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлады.

Румыниядағы әлем чемпионатына 72 ел және 630 шахматшы қатысқан. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Зарина Нұрғалиева алтын медаль жеңіп алды. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Нөгербек Қазыбек күміс жүлдеге ие болды Аңсат Алдияр 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында қола медальді қоржынға салды. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Алуа Нұрманова 5, Лия Құрманғалиева 9-орынды иеленді.

Дайындаған Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ

Comments (0)
Add Comment