Алматыда «Ақ-Бұлақ-2» тұрғын үй кешенінде пәтерлер өртеніп, 120-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, техника мен өрт сөндіру қызметкерлері 23:58 де Брусилов көшесі, 167 мекен-жайы бойынша жіберілген. Кейін «Ақ-бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 6-7, 17-18 қабаттары өртенгені белгілі болды.
«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері қазір 120-дан астам адам эвакуацияланып, 20 адам құтқарылды, гидранттарға цистерна орнатылды. Баспалдақ алаңдарындағы түтінді азайту үшін түтін тартатын өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды», – деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Өртті ауыздықтау үшін жетпістен астам қызметкер мен он сегіз техника жұмылдырылған. Тұрақта тұрған жеке көліктердің көптігі кедергі болғанына қарамастан, өрт сөндіру сатылары іске қосылды.