Синоптиктер 12 қыркүйекте Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Абай облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік түсуі ықтимал. Көкшетау қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік болады.
Жетісу облысында түнде Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 19-24, екпіні – 30 м/с және одан аса сақталады. Орталығында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың шығысында 17-22 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 18-23 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз екпіні – 15-18 м/с.
Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні – 23-28 м/с.