11 жастағы қазақстандық акробат әлем чемпионатында топ жарды

11 жастағы қазақстандық спортшы Ислам Қабдоллов батуттық гимнастикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңді, – деп хабарлайды деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас топтары арасындағы турнир Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатыр. Қабдоллов 11-12 жас аралығындағы топта Қазақстан құрамасының намысын қорғады. Ол 31.100 ұпай жинап, үздік атанды.

Бір қызығы, жас спортшы 16 желтоқсанда – Қазақстанның Тәуелсіздік күні 12 жасқа толады.

 

Comments (0)
Add Comment