Жамбыл облыстық оңалту орталығында «Желтоқсан мәңгі есте» тақырыбында І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері мен зейнеткерлердің қатысуымен тағлымды кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облысы Желтоқсан көтерілісінің ардагерлері Исмаил Хаджимуратов, Манат Абдрешова, ерекше тәуекелді солдаттар ардагері Сейтхан Қуантаев қатысып, 1986 жылғы 16, 17, 18 желтоқсан кезінде жастардың ерліктерін,еліміз үшін жан пида болған жастардың ерен ерлігін баян етті.
М. Абдешова Желтоқсанға арнаған жырын оқып берді, И.Хаджимуратов желтоқсанның батыр қызы Сәбира Мұхамеджанованың рухына арнап жазған «Желтоқсанның жауқазын ғұмыр гүлдері» жырын оқыды. Содан соң Желтоқсанда шейіт болған жастардың рухына арнап бір минуттық еске алу рәсімі өтті. Зал толы Ардагерлер көздеріне жас алып жүрекжарды сөздерін айтты.
Соңында мекеме басшысы Айнұр Ермашева Желтоқсаншы ардагерлерге ризашылық алғысын айтып, Алғыс хатпен марапаттады.
«Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігі