«1 қыркүйектен бастап локдаун жарияланады»: комитет ресми мәлімдеме жасады

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлады turkystan.kz.

Желіде тараған мәліметте Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, 1 қыркүйектен бастап локдаун жарияланатыны жазылған.

«Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шетелдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантин шараларын күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазір карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ», – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Comments (0)
Add Comment