Тазалық – қоғам айнасы. Әрбір адам тазалыққа табалдырығынан бастап мұқият қарауға міндетті.
Дегенмен, аула тазалығынан аса алмай, айналасын күл-қоқысқа толтырып жүретін жандар да арамызда баршылық. Тіпті, айыппұл арқаласа да көшені қоқысқа толтыратын тұрғындар қатары жетіп артылады.
Шаһар аумағында биылғы жылдың 1 мамырынан бастап құрылыс қалдықтарын және стихиялық қоқыс орындарын тазалау мақсатында кешенді жұмыс басталған. Қала әкімдігінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қала ішінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізуде.
Нәтижесінде, алты айда (мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан ) 959 кемшілік анықталып, 955 тұрғынға ескерту берілсе, 30 адамға айыппұл салынған. Ал, қараша айында 257 кемшілік анықталып, оның ішінде 253 тұрғынға ескерту берілді. Сонымен қатар 4 тұрғынға айыппұл салынды.
Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңгені құрайды.
Айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық алдағы уақытта да жалғасын табады.