Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғалымдар планетамыздың күңгірттеніп кеткенін мәлімдеді

0 214

Испаниялық ғалымдар Жер планетасы 30 жыл ішінде күңгірттеніп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған себеп – жаһандық жылынудың әсерінен ғаламшардағы мұхиттың қызуы. Нью Джерси университетінің зерттеушілерінің бірі Филипп Гудтың сөзінше, планетаның күн сәулесін шағылыстыратын қабатының төмендеуі де ықпал етуде.

Ғалымдар спутниктерден алынған мәліметтерді, сондай-ақ Жердің жарқылын талдаған. Сарапшылар Тынық мұхитының жылы бөлігінде жарықты шағылыстыратын ашық бұлттардың азаюына байланысты планета күңгірттенді деп есептейді.

Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар Жер бетіндегілерді сөзсіз үлкен апат күтіп тұрғанын айтқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.