Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматылық азамат Шуда есірткімен ұсталды

0 4  834

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Шу ауданының құмды аймағында жедел ақпаратты іске асыру барысында Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ұстау орнына жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 2 келі 790 гр «кептірілген марихуана» есірткі заты бар 3 полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.