Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Қарулы күштер подполковнигі қаза болды

0 246

Алматыдағы тәртіпсізіктер кезінде Қарулы күштердің офицері қаза тапты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Хаиров Сәндібек Ғалимуллинұлы қаза болды. Биыл 11 мамырда 40 жасқа толар еді. Кәсіби шыңдалған офицер өмірден өтті», – деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

​Сәндібек Хаиров Орал ауданындағы (қазіргі Батыс Қазақстан) Чапаев ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. 2004 жылы Хаиров Құрлық әскерлерінің Әскери институтын, 2021 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

«Ол Қарулы күштер қатарында взвод командирінен бастап, авиациялық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары лауазымына дейін қызмет етті. Ол тәжірибесін бөлісті, адал, сенімді және лайықты командир үлгісін көрсетті. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қайғыларына ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтады», – деді ведомство өкілі.

Мезгілсіз қаза болған Сәндібек Хаиыровтың артында жары, ұлы Әбілқайыр мен қызы Сабина қалды.

Қоштасу рәсімі 13 қаңтарда сағат 10.00-де Алматыдағы Офицерлер үйінде өтеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.