Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: екі бала өлімінің мән-жайы айтылды

0 117

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар қыз бен 12 жастағы бала қалай қаза тапқанын айтты, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілінің сөзінше, тәртіпсіздік барысында екі бала қаза тапқан, тағы екеуі жансақтауда жатыр. Қайтыс болғандардың арасында 4 жасар қыз бен 12 жастағы бала бар.

«Тәртіпсіздіктер кезінде ер адам үш баласымен үйден шыққан. Олар алаңмен өтуді ұйғарады. Салдарынан автокөлік оққа ұшты. Жараланған екі бала жансақтауға түсті, бірақ өкінішке қарай 4 жасар қыз қайтыс болды», – деді Салтанат Әзірбек.

Екінші бала Өтеген батыр көшесінде оқ тиіп қаза тапқан.

«5 қаңтарда түнгі сағат 11-де Алматы тұрғыны 12 жастағы ұлымен Өтеген батыр көшесіндегі үйден шығады. Олар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде нан алуға барған. Өкінішке қарай, бұл жағдайда да балаға оқ тиді», – деді Әзірбек.

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы балалардың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Салтанат Әзірбек ата-аналарға қалада жағдай тұрақсыз уақытта балаларын мұқият қадағалауға кеңес берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.