Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

0 339

  Полиция қызметкерлері Алматыдағы бүлік пен жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген сурет пен видеоларды жіберуге болатын телефон номерлерін жариялады, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Егер тонаушылар туралы ақпарат болса немесе ұрланған тауарлар, заттар, қарулардың қайда сақталғанын білетіндеріңіз болса, көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Бұл – әрбір адал азаматтың борышы. Бет-әлпеттерін немесе көлікті түсіріп алған (сурет, видео) адам болуы мүмкін. Криминалдық полиция осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бізге қоңырау шалуларыңызды немесе жазуларыңызды сұраймыз», – деді полиция қызметкері.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының телефон номерлері: 87087079202, 87055557763, 87775489991, 87073332750. Сондай-ақ, Бостандық аудандық полиция басқармасының телефон номерлері жарияланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.