Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда тұрғын мұз ортасында қалып қойған итті құтқарды (Видео)

0 216

Әлеуметтік желіде мұз ортасында қалып қойған итті құтқару сәтінің видеосы тарады. Желі қолданушылар қала тұрғынының бұл әрекетін жоғары бағалап, оң пікірлер қалдырды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөзінше, ит өзенді кесіп өтпек болған. Алайда дәл ортасына келгенде мұз сынып, артқы аяқтары суға түсіп кеткен.

Мұны көрген ер адам суға түсіп, итті жағаға алып шықты.

«Браво! Құрметтеуге тұрарлық адамдар әлі бар», «Жарайсың… Бірақ мұндай адамдар аз», «Осындай жақсы жаңалықтар мен жақсы адамдар көп болғай» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.