Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда метро 17 қаңтардан бастап ашылады

0 66

Алматыда метро 17 қаңтарда ашылады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы метрополитені 17 қаңтарында сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін жолаушылар үшін ашық болады. Пойыздардың қозғалыс аралығы қарбалас уақытта 10 минут, қалған уақытта 13 минут. Метро жұмыс кестесінде өзгерістер болса, қосымша хабарланады.

Сонымен қатар, 17 қаңтардан бастап қаладағы қоғамдық көліктер, соның ішінде троллейбустар мен қала маңындағы көліктер сағат 21:00-ге дейін қатынайды. Осылайша, қалалық маршруттардың жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңындағы маршруттардың жұмыс кестесі 09:00-ден 21:00-ге дейін болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.