Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда көшенің қақ ортасында жылу құбыры жарылды (Видео)

0 830

Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Таңертең Т. Рысқұлов даңғылы мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жерде жылу магистралі жарылды. Апат болған жерде «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне апат болған көшені айналып өтуді сұрайды.

Жылу магистралінің жарылуына байланысты, Т. Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта І. Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы шектелді. Шектеу жылу құбыры жөнделіп, жол қалпына келгенше болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.