Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда ер азамат әйелін өлтіріп, денесін каналға ағызып жіберген

0 371

  Алматы облысының тұрғыны әйелін өлтіріп, өзінің қылмысын жасыру үшін оның денесін Үлкен Алматы каналына тастаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің денесі 12 қыркүйекте Еңбекшіқазақ аймағындағы Ават ауылының маңынан табылды. Әйелдің денесінде қатты соққылардан көгерген іздер қалып қойған. Кейінірек сарапшылар жәбірленушіде бірнеше қабырғасының сынуы мен травматикалық шок белгілерін анықтаған.

Қайтыс болған әйел 37 жастағы Талғар елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Қылмысқа күдікті ретінде оның күйеуі ұсталды.

Тәртіп сақшылары қылмыстың 6 қыркүйекте отбасылық жанжал кезінде жасалғанын ашты. Күйеуі алдымен әйелін ұрған, содан кейін оның денесін арбамен алып шығып, Үлкен Алматы каналына тастаған.

“Күдікті қазір қамауда. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.