Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда 15 жастағы қызды өз әкесі мен өгей әкесі зорлаған

0 4  315

Алматылық ер адам 15 жастағы қызын зорлаған. Жәбірленуші сұмдық жағдайды диктофонға жазып алып, қоғам қайраткерлеріне жүгінген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Педофил өз әрекетін жасырмады. Ол қызының өзіне бала туып бергенін қалағанын айтады. Бұл туралы “Немолчи” қоры хабарлады.

Қыз бес жасынан бастап зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Оны өгей әкесі де қорлады.

“Ол 5 жасында, содан кейін 9, 11 жасында зорлық-зомбылық көрді. 5 жасында – бір өгей әкесі, содан кейін екіншісі зорлаған. Қыз өз әкесінің үйіне білім алу үшін көшіп келген. Осы уақытқа дейін ол әкесін мүлдем танымаған”, –дейді “Немолчи” қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Татьяна Корол.

Анықталғандай, қыздың әкесі осыған дейін де педофилия бойынша сотталған. Түрмеден шыққаннан кейін зорлаушы өз қызын «асырап алған».

“Бұл факт 120-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Күдікті ұсталды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қор сонымен қатар қорқынышты статистиканы ұсынды. Соңғы бес жылда елімізде кәмелетке толмағандарды зорлау оқиғасы екі есеге өсті. Өткен жылы олардың саны 227, ал 2016 жылы – 100 жағдайға аз болды. Түзеу мекемелерінде 1500-ден астам педофил бар”, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.