Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысының мәдени күндері басталды

0 194

Бүгін Тараз төрінде Алматы облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысының  Жамбыл өңіріндегі мәдени күндері шымылдығын түрді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Екі аймақ арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, облыс өнерпаздарының өнерін паш ету және кітапхана, музей саласы бойынша тәжірибе алмасуды мақсат еткен шараға Алматы облысының зиялы қауым өкілдері мен облыс өнерпаздары қатысуда.

Екі күнге жалғасатын мәдени шара облыс әкімдігінің алдында орналасқан жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұдан кейін шара «Баласағұн» орталық концерт залының фойесінде «Жұмақ мекен – Жетісу» атты облыстық кітапхана, музей, галерея көрмелеріне, кешке «Жерұйық мекен – Жетісу» атты облыс өнерпаздарының концертіне ұласпақ.

Ал ертең А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» атты спектаклі көпшілік назарына ұсынылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.