Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы әкімдігіне келтірілген шығын мөлшері анықталды

0 120

Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қалалық штаб отырысында Алматы әкімдігіне келтірілген шығын мөлшері 20 млрд. екенін айтты. Бұл туралы “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекеттік 27-і нысанның 10-да жөндеу жұмыстары мемлекеттік бюджет қаржысына жүргізіледі. Өйткені онда күрделі жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Оның 4-уі әкімдік ғимараты, Qazaqstan ТРК-ның нысаны, Президент резиденциясы, қалалық прокуратура, сондай-ақ полиция департаменті ғимараты мен аудандық полиция бөлімшелері мен фронт кеңселері бар. Қазір бұл нысандарға қанша қаражат қажеттігін анықтауға  ҚазНИИСА, ҚазМИРР мекемелері көмектесіп жатыр», – деді Әзірбаев.

BAQ.kz мәліметінше, тәртіпсіздік кезінде келтірілген жалпы шығын 112,6 млрд теңге деп бағаланған. Оның 67 млрд теңгесі бизнес субектілеріне тиесілі. Ал, әкімшілік ғимараттарға 22,6 млрд теңге шығын келген. Алматы әкімдігі ғимаратына –  20 млрд, Бас пракуратура ғимаратына – 2 млрд, Полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 млн, Экобекеттерге -163 млн, медицина нысандарына – 2 млн теңгенің шығыны келтірілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.