Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Алматы аруы – 2021» жеңімпазының есімі белгілі болды

0 232

Алматыда «Алматы аруы – 2021» байқауында жеңіске жеткен қыздың есімі белгілі болды. Байқаудың жеңімпазы 26 жастағы Азиза Тоқашева болды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Азиза Тоқашева Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінде менеджмент және маркетинг бойынша магистратурада оқиды. Бала кезінен халық билерімен айналысады. Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға белсенді қатысады.

Азиза Тоқашева халықаралық жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол Филиппинде өткен Miss Intercontinental 2018 сұлулық байқауында Қазақстанның атынан шықты.

Ол Өзбекстанда өткен Miss Union Fashion-2019 IV халықаралық байқауының жеңімпазы болды. Естеріңізге сала кетейік, биыл бірінші аймақтық жарыстар онлайн режимінде өтеді. Жұлдызды қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, Қазақстан аруы 2013 Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер және стилист AlexChzhen бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.