Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы бүгін жеткізіледі

0 208

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Comirnaty (Pfizer) вакцинасының алғашқы партиясы қашан жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 230 мың доза вакцина сатып алынды. Бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. 12-17 жастағы балалар, жүктілік мерзімі 16-37 апталық әйелдер және бала емізетін әйелдер босанғаннан кейін 42 күннен соң вакцинациялауға жатады», – деді ол.

Министр Comirnaty (Pfizer) вакцинасын сақтау ерешелігін ескере отырып, 34 мұздатқыш сатып алынғанын және 16 өңірге жеткізілгенін айтты.

«Сонымен қатар қосымша 51 мұздатқыш сатып алынды. Олар осы жылдың қараша айының соңына дейін жеткізіледі. 15 қарашаға дейін Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 379 мың дозаны құрайтын алғашқы топтамасы жеткізіледі деп күтіледі», – деді Алексей Цой.

Алайда Алматы әуежайының баспасөз қызметі қалаға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы 10 қарашада жеткізілетінін хабарлады.

«Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы қалаға бүгін кешкі сағат 19.45-те жеткізіледі. Вакцина Qatar Airways рейсімен әкелінеді»,- делінген хабарламада.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин балаларға Pfizer вакцинасын алуға болатынын айтқан еді. Оның айтуынша, Pfizer вакцинасымен 306 мың оқушы мен студентке вакцинация жасалады. Бұл иммундық қабатты арттыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде ауру деңгейінің төмендеуіне септігін тигізеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.