Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алло, «Jambyl 109» тыңдап тұр!

0 611

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдама- сы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диа- лог – Қазақстанның тұрақтылы-ғы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президенттің сол жолғы Жолдауында айтылған пікірді міне, осы екі ауыз сөзге сыйдыруға болады. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.

Соның бірі – ҚР Президентінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласында «IKOMEK» Бірыңғай диспетчерлік қызметінің құрылуы болатын. Халықтан түсетін өтініштерді қабылдап, шешімін табуға бағытталған қызметтің тәжірибесі бойынша 2019 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Тараз қаласы бойынша «Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметі құрылған еді. 2020 жылдың 21 сәуірдегі Жамбыл облысы әкімінің №80 бұйрығына сәйкес, «Jambyl 109» қызметінің аймағын Жамбыл облысы бойынша кеңейту жол картасы әзірленіп, қызметтің регламентіне жаңа қызмет түрлерін енгізу жоспарланды.
«Jambyl 109» қызметінің мәні мен мақсаты – «109» қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы Жамбыл облысы тұрғындары мен қонақтарының тұрмыстық сипаттағы жергілікті коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша түрлі байланыс құралдары арқылы өтініштерін қабылдау, өңдеу, облыстық мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып өтініштердің орындалуын жүзеге асыру.
Қазіргі таңда «AIKEY» жүйесіне қосымша мәртебелер енгізіліп, жауапты мекемелердің өтініш бойынша жасалған жұмыстарын көрсете білулеріне ыңғайландырылды. Жамбыл облысы бойынша «AIKEY» жүйесінің басқару панеліне жауапты мекемелер туралы ақпараттар енгізіліп, жауапты мамандар тағайындалды. Панель қызметіне қосымша мәртебелер енгізіліп, пысықталды. Өз кезегінде атқарылған тиімді жұмыстардың оң нәтижесінде «Jambyl 109» қызметі облыстың кез келген нүктесінен өтініштерді қабылдауға қол жеткізді.
Бірыңғай диспетчерлік қызметі сумен жабдықтау, қоғамдық даму, жол инфрақұрылымы, қаланы электр қуатымен жабдықтау, құдықтар мен люктер, өндірістік жұмыстардан кейін қалпына келтіру жұмыстары, аула аумағын абаттандыру, қоғамдық көлік, көшені жарықтандыру және білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй жөндеу жұмыстары, аудан тұрғындарының тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық сала түрлері жіктеліп жүйеге енгізілген.
Мекеме құрылған сәттен бастап барлығы 186 508 өініш қабылдаған.
2019 жылы 8 623 өтініш түскен, күніне 50-80 қоңырау қабылдаған;
2020 жылы 80 758 өтініш түскен, Жамбыл облыстық COVID-19 жедел штабы кезеңінде күніне 500-700 қоңырау қабылдаған;
COVID-19 пандемиясына байланысты жарияланған карантин кезінде «Jambyl 109» қызметі 24/7 режимінде демалыссыз халыққа қызмет етті. Кез келген сұраққа жауап ұсынылды.
2021 жылы 51 531 өтініш түскен, күніне 200-250 қоңырау қабылдаған;
2022 жылдың 23 қарашасына дейін 45 596 өтініш түсіп, күніне 250-280 қоңырау қабылдауда. Оның ішінде 46 184 өтініш өңделіп, толық жауап ұсынылды, 412 өтініш өңделу барысында. Оның ішінде 17 433 оқиға, 718 арыз, 270 ұсыныс, 70 алғыс, 28 105 кеңес берілді.

Өтініштердің сілтеме көздері Жалпы саны % көрсеткіш
Call-байланыс орталығы 43 619 93.6%
Instagram 1 585 3.4%
WhatsApp 109 1 183 2.5%
Facebook 59 0.1%
Telegram
чат-боты 101 0.2%
«AIKEY» мобильді қосымшасы 49 0.1%

«Jambyl 109» қызметі құрылған сәттен бастап (2019-2020 жылдар) 69 мекемемен жұмыс жасаған, атап айтсақ: 16 қалалық мемлекеттік мекеме (ТҚӘ бөлімдері), 23 ведомстволық және мердігерлік ұйымдар, 30 облыстық және республикалық мемлекеттік мекемелер, пәтер иелері кооперативтері, лифт шаруашылығы. Тұрғындар мен қонақтарға 1 мыңнан аса күнделікті тіршілікті қамтамасыз ету қызметі бойынша жұмыстар атқарған.
2020 жылдың ІІ жартыжылдығымен 2021 жылы Жамбыл облысы бойынша жұмыс аймағын кеңейту жұмыстарынан соң 300 мекемемен етене жұмыс атқаруда. 150 қалалық және аудандық мемлекеттік мекеме, 70 ведомстволық және мердігерлік ұйымдар, 36 облыстық және республикалық мемлекеттік мекемелер, 44 ПКСК, лифт шаруашылығы жұмылдырылған. Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандарының әкім аппаратымен бөлімдері мен жекеменшік тұрғындарға қызмет көрсететін мекемелермен тікелей тілдесу арқылы жүйеге қосылып, 4 500-ден аса жаңа қызмет түрі енгізілді.
2022 жылы 320 мекемемен етене жұмыс атқаруда, 150 қалалық және аудандық мемлекеттік мекеме, 90 ведомстволық және мердігерлік ұйымдар, 36 облыстық және республикалық мемлекеттік мекемелер, 44 ПКСК, лифт шаруашылығы жұмылдырған. Жамбыл облысының қала мен аудандық бөлімдері мен коммуналдық қызмет түрін ұсынатын мекемелер пысықталып, әр мекемеге «Jambyl 109» қызметінің аналитика бөлімі арнайы барып оқыту жұмыстарын жүргізіп, жүйеге қосылды. Атап айтсақ:
– Жамбыл облысының 10 ауданына қайта оқыту жұмыстары жүргізіліп, жүйеге қосымша қызмет түрлері қосылды. Әр мекемеге жеке-жеке оқыту жұмыстары жүргізілді.
– Тараз қаласы бойынша қоғамдық көлік қозғалысын қамтамасыз ететін 8 ЖШС автопарк мекемелерімен;
– Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына жауапты «Тұрғын үй жөндеу – Тараз» ЖШС;
– Жамбыл облысы бойынша кеден және салық сұрақтарына жауап беретін «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ;
– Жамбыл облысының республикалық маңызы бар жолдарына қатысты өтініштерге жауапты «ҚазАвтожол» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы;
– Жамбыл облысының тұрғындарына су шаруашылығын қамтамасыз ету бойынша ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстар комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл филиалы;
– Тараз қаласының Байзақ батыр көшесі мен теміржол аумағындағы көшелерді ыстық сумен қамтамасыз ететін мекеме «ТемірЖол Су-Шу» ЖШС.
«Jambyl 109» қызметімен «Damumed» интеграцияланған медициналық ақпарат жүйесімен интеграциялық жұмыстар жүргізіліп, Жамбыл облысының тұрғындары «109» қызметі арқылы «Отбасылық дәрігерге» жазылу мүмкіншілігі қосылып, жүйеде 5 600-ден аса қызмет түрі ұсынылуда.
Өтініштердің орындалу барысы бойынша сурет/бейнежазба тіркемелер міндеттеліп, тұрғындарға жасалып жатқан жұмыс сапасын көрсету мақсатында «дейін/кейін» айдары жасалды. Әлеуметтік желілер мен интернет платформалары («WhatsApp», «Instagram», «Facebook», «Тelegram» чат-боты,«AIKEY» мобильді қосымшасы) арқылы түскен өтініштер саны артты, алайда тұрғындарға «109» қысқа нөмірін теру арқылы өз өтініштерін мен сауалдарын ұсыну алдыңғы орында. Халықпен кері байланыс кез келген тәсілдермен жүргізілуде. Жамбыл облысы тұрғындарының назарына атқарылып жатқан жұмыстар бойынша кері байланыс орнату үшін «кейін/дейін» айдары ұсыныла бастады.
«Jambyl-109» қызметінің басты міндеті – атқарушы органдарды халықпен байланыстыратын берік көпірге айналу. Бүгінде Қазақстанда билік халыққа жақындай түсуде, ал барлық ішкі процестер барынша ашық. Мәселе – әрқашан тұрғындардың мемлекеттік органдарға бара алмайтындығы, көбінесе қайда жүгінетінін білмеуі болды. Қазір біз осы мәселелердің барлығын шеше аламыз: тек сигнал беру керек, өтінішті қалай және қайда жіберу керек – бұл біздің қамқорлығымыз. Маңызды әлеуметтік немесе коммуналдық мәселелерді шешу биліктің күш-жігерін ғана емес, азаматтардың қатысуын да талап етеді. «109» қызметі демалыссыз жұмыс істейді, жылына 365 күн және тәулігіне 24/7 сағат байланыста. Сіздің мәселеңізді шешу үшін бізге қоңырау шалу жеткілікті.
Жауапты мекемелердің жұмыс сапасы бойынша өтініштердің мерзімінде әрі тиянақты орындалуы мақсатында 2022 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің аппараттық жиналысында «Jambyl 109» қызметіне түскен өтініштердің орындалу барысы бойынша апарттық кеңес өткізіле бастады. Кеңесте Жамбыл облысы тұрғындарының шағымдары мен арыздары бойынша әр жауапты мекемелермен жеке-жеке саралау жұмыстары жүргізіліп, хаттамалық тапсырмалар берілді. Сол себептенде халықтың «Jambyl 109» қызметіне деген сенімі одан сайын арта түсті десекте болады.
Сондай-ақ «Jambyl 109» қызметімен қоса облыстардың жауапты мекемелеріне де жұмыстарымыз ауыз толтырып айтарлықтай жақсы деп айтсақ, еш қателеспейміз. Себебі өтініштермен қоса атқарылған жұмыстарға да облыстардың жауапты мекемелеріне де тұрғындардың көңілдері толып, алғыстар да келіп түсуде.

Бақкелді ДАЛАБАЕВ, «Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.