Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алашқа – абыз, өнерде – аңыз

0 1  529

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, актер Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойына орай өткен «Алашқа – абыз, өнерде – аңыз» атты республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен шымылдығын түрген рес- публикалық өнер додасына 14 ақын қатысты. Сахна төріне шыққан 7 жұптың әрқайсысының қарсыласы арнайы жеребе арқылы анықталды.
Айтыс аламанына ең алғашқы жұп Сыр елі, жыр елінен келген Нұрмат Мансұров пен Таластың тумасы, арқалы ақын Есет Досалы түсіп, қағытпа қалжыңмен, әдемі әзілмен, көтеріңкі көңілмен жыр кешін ашып берді. Одан әрі Батыстан келген Марат Ахметов пен тараздық Нұрлыбек Құрманов, жамбылдық жампоз Айтмұханбет Исақов пен сарысулық Талғат Құсайынов, елордадан келген Олжас Отар мен Тұрар Рысқұловтың тумасы Асхат Қылышбек, шырайлы Шымқаладан келген Біржан Байтуов, түркістандық Бекарыс Шойбеков пен Алтынкүл Қасымбековалар өнер додадасының көркін қыздыр- ды. Осы жұптардың ішінен көрермен көзайымына айналған алматылық ару Нұрзат Қару мен Байзақтың батыры Әсет Дүйсебаев баллдық жүйе бойынша терезесі тең түсті.
Айтыс өнеріне баға беру мақсатында ақын Ахметжан Өзбеков төраға болып сайланған. Одан бөлек, танымал ақындар Қайырбек Асанов, Маралтай Райымбекұлы, Үміт Битенова, журналистер Оралхан Дәуіт пен Нұрболат Әлдибек қазылар алқасына мүшелік етті.
Айтыстың қорытындысы бойынша қазылардың шешімімен бас жүлде (700 мың) қос ақын Нұрзат Қару мен Әсет Дүйсебаевқа бұйырды. Ал жүлделі І орынды (500 мың) Нұрмат Мансұров қанжығасына байласа, II орынды (400 мың) түркістандық Бекарыс Шойбек иеленді. Сондай-ақ үздік үштіктен табылған Асхат Қылышбек жүлде қоры 300 мың теңгені місе тұтты.
Мұнымен қоса аламан айтысқа белсене қатысқан айтыс- керлерге ынталандыру ретінде қаржылай сыйақылар (100 мың) табысталды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.