Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Қалар мұра — сөз кісіден кісіге»

0 262

Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұнидің туғанына 1005 жыл толуына орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қалар мұра – сөз кісіден кісіге» атты талқылау отырысы өтті.
Талқылау отырысына М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің «Тарих» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Ақнұр Көбесова, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Қайырбаева, Кешкі орта мектептің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Дәурен Қанатбек, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының төрағасы Дархан Байпақ және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Тарих» факультетінің 2 курс студенттері қатысып, ғұлама ойшылдың «Құтты білік » шығармасы жайында кеш қонақтары ой қозғады. Ондағы «өзіңді ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар, адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.