Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалада құрылыс жұмыстары қарқын алуда

0 2  472

Көне шаһарымызда бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Бұған соңғы жылдары бой көтерген еңселі ғимараттар дәлел. Заманауи нысандар көздің жауын алып, көрген жанға ерекше әсер сыйлауда. Осы бағытта қалалық құрылыс бөлімі тарапынан көптеген ілкімді істер атқарылуда.

Жалпы ағымдағы жылы аталған бөлім тарапынан 126 нысан, 46 жобаның жұмысына бюджеттен 27 миллиард 860 миллион 599 мың теңге бөлінді. Сала кесіндісі бойынша айтсақ, жобалық-сметалық құжаттамасы – 46 жоба, тұрғын үй құрылысы – 71 нысан, инженерлік-инфрақұрылым саласы – 55 нысан. Тұрғын үй құрылыс саласы бойынша осы жылы Тараз қаласы аумағындағы №15 ықшамауданда 71 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына 22,7 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 42 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, оның 13-і қабылданды. Ал қалған 33 тұрғын үйді жыл соңына дейін аяқтап, тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар 29 жаңа тұрғын үй бойынша сараптамадан оң қорытындылары алынып, мемлекеттік сатып алу конкурстарына ұсынылды. Нысандар 2023 жылға өтпелі. Сондай-ақ егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, №15 ықшамауданда қалған соңғы 16 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда аталған тұрғын үйлерді Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқапқа ауыстыру көзделуде.
Инженерлік-инфрақұрылымдау бойынша 55 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бюджеттен оған 4 398 958 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге дейін 2 546 643 мың теңгесі игерілді. Қалған қаражатты жыл соңына дейін игеру жоспарлануда. Нақтырақ айтсақ, осы жылға 8 тұрғын үйді абаттандыру мен ішкіалаңдық инженерлік желілерінің құрылыс жұмыстарына 201 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1-і қабылданды. Сонымен қатар 34 тұрғын үйді абаттандыру мен ішкіалаңдық инженерлік желілері бойынша ҚМЖ бастау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсынан өтуде. Қорытындысы осы қыркүйек айында шығуы қажет. Оның ішінде 4 тұрғын үйдің ИКИ мердігер мекемелері анықталып, ҚМЖ басталуда. 34 ИКИ 400 миллион теңге қарастырылып, аяқтауға 1 800 миллион теңге қажет.
Бүгінде «Қарасу» (Құмшағал) тұрғын алқабында 46,1 шақырымды құрайтын қиыршық тас жол құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан құрылысының 12 шақырымы жүргізілді. Нысанды толық аяқтауға 733,2 миллион теңге қажет, құрылыс жұмысы 2023 жылы тәмамдалады деп күтілуде. Сонымен қатар «Тараз қаласындағы тұрғын аудандарды электрмен жабдықтау құрылысы «Шалғай Қарасу»-1,2,3,4,5,6,7» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауға 388,8 млн теңге бөлінген болатын. Бүгінгі таңда аталған 6, 7 тұрғын алқаптарға 4 трансформаторлық қосалқы подстанция орнатылып, тұрақты электр желісімен қамтамасыз етілді. Ал, 1, 2, 3, 4, 5 тұрғын алқаптарға 4 трансформаторлық қосалқы подстанцияны орнатып, қазіргі уақытта Тараз қалалық электр жүйесіне құжаттарын өткізуде. Сондай-ақ қалған 5 трансформаторлық қосалқы подстанцияға арналған электр жабдықтарды ағымдағы жылдың 25 қазан күні алып келген соң, орнату жұмыстары басталатын болады. Нысанның толық құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
«Тараз қаласы 28 саяжай, «Шөлдала», «Құмшағал» шағынаудандарын уақытша электрмен жабдықтау» нысаны осы жылы көктемнің соңғы айында қабылданды. Мердігер – «Каз Коммерц Строй». Пригородный станциясынан және КХП станциясынан жобаға сәйкес уақытша электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар №14 ықшамауданда егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының өзгеруіне сәйкес магистральдық және алаң-ішілік инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталды. Қазіргі уақытта электр желісі бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылды. Ал су мен кәріз желілерінің құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталған, нысанның толық ҚМЖ ағымдағы жылдың соңына дейін тәмамдалады.
Қала тұрғындары мен қонақтарының көп аялдайтын орны «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аумағында полициялық тірек пунктінің құрылысы ағымдағы жылдың 25 наурызында басталған болатын. Мердігер мекеме- сі – «Prof-Facade» ЖШС. Келісімшарт құны 19,1 миллион теңгені құрайды. Сонымен қатар ежелгі тарихи орын саналатын «Тараз қаласы «Тектұрмас» алқабында биотермикалық шұңқырдың құрылысын салу» нысаны бойынша мердігер мекемесі – «Өрге баста» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, осы жылы қабылданды. Аталған кешендегі «Ежелгі бекініс» имаратының құрылысы бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың 15 сәуірінде басталды. Қазір ҚМЖ жүргізілуде, құны – 675,91 миллион теңге. Мердігер мекемесі – «Нұр Тұрсын» ЖШС. Құрылыс ұзақтылығы – 6 ай. Нысанды аяқтауға 505 миллион 345 мың теңгені қажет ететін құрылыс келесі жылы бітеді деп жоспарлануда.
Ал Сәтбаев алқабында су жүйесінің сервистік желілерінің құрылысы және Каллауыр әкім көшесінің бойымен Ташкент көшесінен Шостакович көшесіне дейін су жүйесінің сервистік желілерінің құрылысы бойынша ҚМЖ жүргізілуде. Келісімшарт құны 1-ші нысанда 46,4 миллион теңге болса, 2-ші нысанның құны – 62,4 миллион теңге. Нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, қабылданданса, «Тараз қаласы Сүлейменов көшесінің соңындағы оңалту орталығының құрылысы» нысаны бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жобалаушы мекемесі – «TMK Engineering» ЖШС, сметалық құны – 382,385 миллион теңге. Құрылыс монтаждау жұмыстарының ұзақтылығы 6 ай деп жоспарланған.
Аталған нысан бойынша «Әулие-Ата-Демеу» корпоративтік қоры арқылы «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-нің демеушілік көмегі есебінен 200 миллион теңге бөлінген. Жалпы нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың 30 мамырында басталды. Қала бюджеті есебінен 15,7 миллион теңге бөлінген құрылыстың толық аяқталуына 180 миллион теңге қажет.

Көшелер самаладай жарқырауда

Жалпы шаһарда 1 388 көше мен бұрылыс бар. Оның 798-і негізгі көшелер, 532-і бұрылыстар болып саналады. Бүгінгі таңда 293 көше жарықтандырылған, яғни түнгі жарық шамдарымен қамтамасыз етілген көшелер 21,6 пайызды құрап отыр. Көше жарығымен қамтамасыз етілген 293 көшенің негізгі көшесі – 242, бұрылыстары – 51. Ал 505 көшеге жарық орналастырылмаған. Негізгі көшелерге көше жарығын жүргізуге шамамен 5 395,2 миллион теңге қажет. Оның ішінде темір бетонды электр бағанасы бар 123 көшеге шамамен – 980,4 миллион, 382 көшедегі ағаш электр бағанасын темір бетонға ауыстыруға шамамен 4 миллиард 414,8 миллион теңге қажет.
Осы жылы облыстық бюджеттен жарық орналастырылмаған 30 көшеге 180 миллион теңге қарастырылды. Бүгінгі таңда 11 көшенің мердігері анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. Қалған 19 көшенің құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Сонымен қатар жыл басында Тараз қаласында көше жарығы орналастырылмаған 505 негізгі көшеге 5 жылдық жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес осы жылы – 30, келер жылы – 105, 2024 жылы – 106, 2025 жылы – 110, 2026 жылы – 76, 2027 жылы 76 көшеге көше жарықтарын жүргізу жоспарланып отыр.
Шаһардағы №14 ықшамаудан бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, газбен жабдықтау, жылу және сыртқы байланыс желілері құрылысы 2016-2019 жылдары жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда аталған ықшамауданда құрылысы жүргізіліп жатқан Онкологиялық диспансерлік орталықты тұрақты түрде инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Ал электр, су және кәріз желілерімен қамтамасыз ету нысандарының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталмауына байланысты 2021 жылдың 10 тамызында уақытша желілерімен қамтылды. Нысандардың толық құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтап, тапсыру жоспарлануда.
Электрмен қамтамасыз ету жобасы бойынша тапсырыс беруші мекеме мен «ГАПП» ЖШС арасында 2016 жылдың 6 қазанында №99 келісімшарт жасалып, жалпы құны 16,6 миллион теңге игерілді. Келісімшарттың мерзіміне сәйкес, 2017 жылы 6 қазанда жобалаушы мекеме ЖСҚ-ның бір данасын өткізді. Ал сумен және су бұрумен қамтамасыз ету жобасы бойынша тапсырыс беруші мен «Нұр-Құрылыс-80» ЖШС-і арасында 2016 жылдың 9 қарашасында №45 келісімшарт жасалып, жалпы құны 10,0 миллион теңге игерілді. Соның мерзіміне сәйкес, 2017 жылы 9 қарашада жобалаушы мекеме ЖСҚ-ның бір данасы өткізілген болатын. Алайда 2017 жылы №14 ықшамаудан бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы өзгеруіне байланысты сараптамадан өтпеген. Сол себепті егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының өзгеруіне сәйкес, магистральдық және алаңішілік инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы да өзгертіліп, қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ магистральдық және алаңішілік инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы нысанының жұмыс жобасы бойынша сараптамасы 27.11.2020 жылы № CCon-0114/20 экспертизадан оң қорытынды алынған. Жобаның сараптау қорытындысын «Сараптама Consulting» ЖШС жүргізді. Бас жобалаушы мекемесі – «ГАПП» ЖШС-мен 2021 жылдың 09 шілдесінде №200, ал техникалық қадағалаушы мекемесі – «Altimus LTD» ЖШС-мен 2021 жылдың 18 мамырында №140, мердігер мекемесі – «Пырақ-Құрылыс» ЖШС-мен 2021 жылдың 26 шілдесінде №246 келісімшарт жасалды. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары өткен жылдың 11 тамызында басталды. Сметалық құны – 1124 273,0 мың теңге. Келісімшарт құны – 969348,3 мың теңге құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 7 айда бітіру жоспарлануда. 2021 жылға мемлекеттік бюджет есебінен 100 589 мың бөлінген. Игерілгені қаражат – 100 588,5 мың теңге. 2022 жылға 905 297 мың теңге бөлінді Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 9 ТП, 1 РП құрылғылар және 15 км электр кабельдері қарастырылған. Қазіргі уақытта 7 ТП-ның және 1 РП-ның сыртқы қораптарының құрылысы 100 пайыз аяқталып, ішкі магистральдық электр желілерінің 7 шақырымы жүргізілді. Нысанның толық құрылыс жұмыстарының 99 пайызы аяқталды.
Сонымен қатар №14 ықшамауданды магистральдық және алаңішілік инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы, яғни электрмен жабдықтаудың 3-ші кезеңі бойынша 02.06.2021 жылы № CCon-0153/21 және № CCon-0154/21 сараптамадан оң қорытынды алған. Жобаның сараптау қорытындысын «Сараптама Consulting» ЖШС берген. Бас жобалаушы мекемесі – «ТМК инжиниринг» ЖШС. Бүгінгі таңда №14 ықшамауданды электрмен қамтамасыз ету бойынша 2-ші және 3-ші кезең нысандарының құрылыс жұмыстарына республикалық бюджетке өтінім берілде. Бюджет есебінен қаражат бөлінген жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Ал сумен жабдықтау және кәріз желісі нысанының жұмыс жобасы бойынша сараптамадан оң қорытынды алынған. Жобаның сараптаушысы – «Сараптама Consulting» ЖШС. Бас жобалаушы мекемесі – «ТаразТауЖоба» ЖШС-мен 2021 жылдың 14 маусымында №167 келісімшарт жасалды. Техникалық қадағалаушы мекемесі – «АДС Сапа» ЖШС-мен 2021 жылдың 05 мамырында №120 келісімшарт жасалды. Ал мердігер «Тараз строй-2004» ЖШС-мен 2021 жылдың 28 мамырында №141 келісімшарт жасалды. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылдың 29 маусымында басталды. Сметалық құны – 1475 186,0 мың теңге. Келісімшарт құны 1242663,0 мың теңге құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ұзақтығы 11 айға жоспарланған.
2021 жылға мемлекеттік бюджет есебінен 129 615 мың бөлінген. Игерілген қаражат – 128 487,1 мың теңге. Ағымдағы жылға 1 007 541 мың теңге бөлінген. Толық аяқтау үшін 158 042 мың теңге қажет. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Қосымша кәріз желісінің жүргізілетін жерлерінің өзгеруіне және алдағы уақытта пайдалануға ыңғайлы болуына байланысты жобаға түзету жұмыстары жүргізілуде. Түзету жұмыстары сметалық құнынан аспайды.

Шаһар аумағы кеңеюде

Сүлейменов көшесінің соңында бой көтеріп жатқан №15 ықшамауданның алаңы 362,2 гектарды құрайды. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша құрылыс бөлімі тарапынан 142 көпқабатты тұрғын үй салу қарастырылған. 2015-2017 жылдар аралығында аталған ықшамауданға инженерлік-инфрақұрылым табиғи газ, ауыз су, кәріз жүйесі, жылу, электр желілері, әлсіз ток желілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, жобаға сәйкес тартылды. Ал 2018 жылдан бастап тұрғын үйлердің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Сондай-ақ 2018-2021 жылдар аралығында 71 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылы – 9, 2019 жылы – 13, 2020 жылы – 12, былтыр 13 кредиттік, 15-ке жуық арендалық тұрғын үйдің кілті табысталды. Ал ағымдағы жылы 71 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда 42 көпқабатты, 36 кредиттік, 6 арендалық, жалпы саны 2820 пәтердің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 15 тұрғын үй қабылданды. 25 тұрғын үйді жыл соңына дейін аяқтап, тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар 29 жаңа тұрғын үйдің сараптамадан оң қорытындылары алынып, мемлекеттік сатып алу конкурстарына ұсынылды. Бүгінгі таңда тағы 23 үйдің құрылысы басталып, 2023 жылы аяқталады деп күтілуде.
Тараз қаласын дамытудың жаңа Бас жоспарына сәйкес, шаһар аумағын кеңейтіп, әкімшілік аудандарға бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Қала аумағын кеңейту мақсатында облыс орталығына 14 елді мекен мен Байзақ және Жамбыл аудандарының екі саяжай массивін қосу жоспарланып отыр. Олардың қатарында Байзақ ауданында орналасқан Қызыл Жұлдыз, Талас ауылдары, «Талас» теміржол станциясы бар. Ал Жамбыл ауданынан Шайқорық, Танты, Қоңыртөбе, Ақбұлым, Кемел, Түрксіб, Пригородное, Жалпақтөбе, Қызылшарық, Бектөбе ауылдары, «Шайқорық» станциясы қала аумағына қосылмақ. Бас жоспарға түзетулер енгізілген жағдайда 44 551 ауыл тұрғыны облыс орталығының халқына айналады. Осылайша Тараз халқының саны 408 235 болып, қала аумағы 11 755 гектарға ұлғайып, 30 542 гектарға жетеді.
Жобаның мақсаты – автокөлік жолдары мен қоғамдық кеңістікті қолайлы ету, экономикалық құрамдас бөлікті және қала шаруашылығын басқару тетігін жетілдіру арқылы тұрғындарға жайлы жағдай жасау. Енді Бас жоспарға енгізілетін өзгерістер жобасы облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарында қаралған соң сараптамаға, әрі қарай Үкіметтің бекітуіне жіберіледі. Жалпы шаһардағы қазіргі Бас жоспар 2010 жылы бекітілген және халық санының өсуі мен көлік ағынының ұлғаюы ескеріле отырып, 2025 жылға дейін есептелген. Сол кезде жақын аудандардағы 6 мың гектарға жуық жер қала аумағына енгізілді. Шаһар солтүстік-батыс бағытта кеңейіп, Талас өзенінің жағалау бөлігі қала аумағына қосылып, осы жерде рекреациялық аймақ құрылады деп жоспарланған. Сонымен қатар 462 гектар жерге 14 және 15-ші ықшамаудандарды орналастырып, онда 355 шаршы метр болатын жаңа әрі заманауи көпқабатты үйлер мен тиісті инфрақұрылым салу көзделді.
Биылғы шілде айында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі «Тараз қаласының бас жоспарына түзету енгізу» жобасының қаралатынын жариялаған болатын. Шаһар тұрғыны екі апта бойы қалалық мәдениет үйінде Бас жоспар жобасымен танысып, өз ойларын ұсынуға мүмкіндік алды. Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстары жаңа Бас жоспардың жобалау сызбасына енгізілді.
Сүйікті қаламыз жылдан-жылға көркейіп келеді. Бұл көне шаһардың туризм орталығына айналуына да мол мүмкіндік беруде. Алдағы уақытта осы мақсаттағы жұмыстар тоқтаусыз жалғаса береді.

Ғалымжан Каипов,
Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.