Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жолдарды асфальттау, канализация мен су құбырын ауыстыру, көше жарықшамы, жаңа үйлерді нөмірлеу және балалар ойын алаңшасы, қураған талдарды кесу жөнінде мәселелер көтерді.
Сонымен қатар тұрғындар қала аумағындағы көпірлерді тазалау, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару, автотұрақтарды реттестіруге және жеке кәсіпкерлікті қолдау жұмыстарына қатысты сауалдар қойды.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты.
Сонымен қатар азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.