Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала аумағындағы 28 саяжайдың ауызсу жүйесі жаңғыртылады

0 72

2019 жылы келесі тұрғын алқаптарды ауызсумен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттарын жасап, ведомстводан тыс сараптамадан өткізу үшін бюджеттен қаржы қарастырылды. Олар «Тектұрмас» алқабының ауызсу жүйесінің құрылысы» нысаны бойынша 6,2 миллион теңге,«Қарасай» алқабының ауызсу жүйесінің құрылысы» нысаны бойынша 6,2 миллион теңге және Шөлдала, Құмшағал, Қызыл-Абад, Казарма, Көлтоған, Жиделі шағын аудандары мен 28 саяжай алқаптарын ауызсумен қамтамасыз ету» нысаны бойынша 10,0 миллион теңге.
«Тектұрмас», «Қарасай», «Шөлдала», «Құмшағал», «Қызыл-Абад», «Казарма», «Көлтоған», «Жиделі» шағын аудандары мен 28 саяжай алқаптарына ауызсу жүйесінің құрылысы насаны бойынша жалпы құны 17 500,0 мың теңгеге жобалаушы серіктестік «Ұлмад» ЖШС-мен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта 6 алқап «Жиделі», «Тектұрмас», «Көлтоған», «Құмшағал», «Қызыл-абад», «Казарма» бойынша сараптама нәтижесі алынып қалған алқаптар бойынша сараптамадан өтуде. Атап айтсақ, «Жиделі» алқабы – 112,3 миллион теңге, «Тектұрмас» алқабы – 222,0 миллион теңге, «Көлтоған» алқабы – 153,0 миллион теңге, «28 саяжай алқаптары» – 1475,0 миллион теңге, «Қарасай» алқабы – 488,0 миллион теңге, «Шөлдала» алқабы – 1025,0 миллион теңге, «Құмшағал» алқабы – 1 095,2 миллион теңге, «Казарма» алқабы – 464,2 миллион теңге және «Қызыл-Абад» алқабы – 288,3 миллион теңге.
Қазіргі уақытта «Жиделі», «Көлтоған», «Құмшағал», «Тектұрмас», «Казарма» алқаптары бойынша энергетика және тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржы қарастырылуда. Қалған жобалар бойынша бүгінгі таңда су мұнарасының орналасқан жерінің және желі түсетін аумақтардың жер телімдерінің мемлекеттік актісін заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік акті заңдастырылған соң, сараптамаға жіберіледі.
28 саяжайдың су құбыры 59 шақырым, су тұтылымы орта есеппен 245 текше метр/сағатына, жалпы құны 1,475,000 миллион теңге болады деп жоспарлануда. Сараптама қорытындысы 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін шығару күтілуде. 2022 жылға құрылыс жұмыстарына республикалық бюджетке өтінім берілетін болады.

Зият Тұрсынұлы,
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.