Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алқаптарға инфрақұрылым желілері тартылуда

0 268

Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан шаһар аумағындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес бекітілген жаңа тұрғын алқаптарға инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Нақтырақ айтқанда, «Әулие-Ата» (№14) ықшамауданы бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның, яғни газбен жабдықтау, жылу, электр, ауыз су, кәріз желілері мен сыртқы байланыс желілерінің құрылысы 2016-2024 жылдардың аралығында жүргізілді. Қазіргі уақытта электрмен қамтамасыз етудің 3-кезеңінің нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Жобалаушы мекемесі – «TMK Engineering» ЖШС. Нысанның құрылыс жұмыстарын бастау үшін бюджеттік өтінім ұсынылуда.
Ал «Ұлы дала» (№15) ықшамауданындағы нысандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелеріне қатысты барлық проблемалардың толық шешілуін қамтамасыз ету үшін кеңейту жұмыстары ұйымдастырылып, жоба әзірленді. Сондай-ақ ауызсу, кәріз, газ желілері бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Ал электр желісін кеңейту бойынша нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың 15 қыркүйегінде басталды. Мердігер мекеме – «Таразстрой-2004» ЖШС. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2024 жылға 1,6 миллиард теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Ал нысанды толық аяқтауға республикалық бюджеттен 1,3 миллиард теңге қажет. Нысан 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар аталған ықшамауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында ішкіалаңдық жолдарының, тротуарларының, аялдамаларының, арық желілерінің құрылысы мен абаттандыру жұмыстары қарастырылған. Бүгінгі күні тұрғын үйдің ішкіалаңдық жолдарының, тротуарларының, аялдамаларының, арық желілерінің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарын атқару үшін жобалау-сметалық құжаттамасының бастапқы деректері жинақталып, жоба әзірленуде. Жобалаушы мекеме – «МS Group» ЖШС. Ал нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025 жылы жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ 42 тұрғын үйдің ішкіалаңдық инженерлік желілерін жүргізу және абаттандыру жұмыстары да қолға алынуда.
А.Асқаров көшесінің соңындағы (№16 ықшамаудан) тұрғын алқап бойынша 2020 жылғы егжей-тегжейлі жобалау жоспарына сәйкес, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Алайда 2023 жылы егжей-тегжейлі жобалау жоспарына өзгерістер енгізілуіне байланысты сметалық құнын өзгертпей жобаға түзету жұмыстары енгізілді. Жоба бойынша тұрғын алқапты толық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2 кезеңмен жоба әзірленді. Бүгінгі таңда тұрғын алқапты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда.
Бұған қоса, «Хамукат» жаңа алқабын сумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталған. Мердігер мекеме – «СМУ Шығыс» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Әсем-Құрылыс-Қызылорда», авторлық қадағалаушы – «TMK Engineering». Нысанның келісімшарттық құны 675,7 млн теңгені құрайды. Ағымдағы жылға нысанды аяқтауға толық қаражаты қарастырылған. Сонымен қатар «Қарасай» жаңа алқабын магистральдық инженерлік желілерімен қамтамасыз ету жобаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалаушы мекеме – «ТаразТауЖоба» ЖШС. Жобаны аяқтау мерзімі 2024 жылдың 20 желтоқсанына жоспарланған.

Нұрсұлтан Исабеков,
Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.