Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алқап тұрғындарының көптен күткен қуанышы

0 286

Тараздағы Шөлдала, Химик алқаптарының тұрғындары үшін көптен күткен жағымды жаңалық. Енді мұндағы тұрғындар 25 қарашадан бастап электр энергиясының 1 кВт-на 15,05 теңгеден төлейді. Бүгінде тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстары басталды. Айта кету керек, жарыққа қарызы жоқ үйлер алдымен абоненттеледі. Осы орайда халыққа тағы бір жеңілдік – бұған дейін қордаланған қарызы барларға бөліп төлеу де (рассрочка) қарастырылды.

Демек, халық тұтынатын электр энергиясы желілерін қалалық әкімдік өз жауапкершілігіне алды. Абоненттеу жұмыстары аяқталғанға дейін жарыққа төлемақыны әкімдік тарапынан бекітілген мамандар жинайтын болады. Абоненттеу 100 пайызға аяқталған соң, “АСКУЭ” есептеу құрылғысы орнатылып, азаматтар түрлі қосымшалар арқылы төлемақы жасауға мүмкіндік алады.

Қалаға қосылғалы бері осы аумақ тұрғындары үшін орындалмастай болып келген бұл мәселе шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтың “ЖАМБЫЛ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ” ЖШС басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде іске асты.

Бұл туралы тұрғындармен осыған дейінгі 2 кездесуде уәде берілген еді. Бүгін сол уәденің сөз жүзінде қалып қалмай, іске асқанына халық дән риза. Көпшіліктің эмоциясы видеода)

Қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде тағы бірнеше мәселелер ортаға салынды. Бұл туралы толығырақ әкімдік парақшасынан оқи аласыздар.

Бастысы барлық мәселе жүйелі түрде, кезең-кезеңімен шешімін таппақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.