Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алқалы топ–Жамбыл ауданында

0 58

Бүгін ауданымызға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттау тобы ауданымызда болып, білім, мәдениет, спорт саласы қызметкерлерімен және кітапханашылармен кездесіп, маңызды құжаттағы басымдықтарға кеңінен тоқталып, ондағы мақсатты жобаларға екпін берді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігі білім басқармасының аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты М.Жұмаділдаев пен аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Сағи Мұздыбаев білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жолдау жүктеген міндеттер тұрғысында әңгімеледі. Басқосуға ауданның бас ұстазы Раушан Қожамжарова қатысып отырды.


Сондай-ақ білім саласының майталманы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітапханашылармен жүздесіп, тақырып аясында сөз қозғады.
Ал Қаракемер ауылына барған облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжатттама басқармасының басшысы Е.Жүнісбайдың мәдениет саласының қызметкерлері мен ауыл тұрғындарымен жүздесіп, мәдениет саласына енетін өзгерістер тұрғысында сөз саптап, жолдаудың басым бағыттарына тоқталды.
Ал Аса ауылындағы әмбебап спорт кешенінде аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Келесов пен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов спорт саласын серік еткен қызметкерлермен кездесу өткізіп, Ел Президентінің Жолдауына екпін беріп, сұрақтарға жауап берді

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.