Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алға жылжудың айқын көрінісі

0 235

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды.

Президенттің әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттері ретімен нәтиже беріп келеді. Бұл Жолдауда да Мемлекет басшысы бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде білім беру саласына қатысты 2025 жылға дейін салынуы тиіс мектептер санын 1 мыңға жеткізу, ғылымды дамыту, мұғалімдер мен ерекше дарынды оқушыларға қолдау көрсету сынды бастамалары көңіл қуантады.
Білім беру, денсаулық сақтау салалары Президенттің әр жылғы Жолдауында назардан тыс қалған емес. Аталған құнды құжатта 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 20 пайызға арттыруды тапсырып, мәдениет саласына ерекше назар аударды. «2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары бұдан тыс қалды. Бұлар – мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалар», –деді ел Президенті.
Коронавирус дерті пандемия дәрежесінде жарияланғалы бері ел экономикасы мен халық тұрмысына да едәуір кері әсерін тигізгені анық. Осы ретте Президент бұл мәселеге де мән беріп, нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе пандемиядан кейінгі экономикалық даму жолдарын көрсетіп, мемлекеттік қызметтердің цифрландырылып келе жатқанына тоқталды. Бүгінгі күннің өзінде көптеген қызметті үйде отырып-ақ алуға мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз – даму мен алға жылжудың айқын көрінісі.
Жоғарыда аталған маңызды міндеттермен қоса, Жолдауда еңбек нарығы, кәсіпкерлікті қолдау сынды негізгі 7 басымдық пен 5 бастамаға ерекше маңыз берілді. Президент Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапты. Ендеше, мемлекетіміздің әрбір азаматы осындай қиын сәтте жасалған Президент Жолдауының маңызын ұғына отырып, ондағы тапсырмалардың жүйелі жүзеге асуына жұмыла еңбек етуі тиіс.

Алина Бейсенбек,
Тараз өңірлік университетінің студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.