Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Академиялық ұтқырлық» деген не?

0 761

Студенттің академиялық ұтқырлығы – білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге оқуға немесе зерттеуге  ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру болып табылады. Академиялық ұтқырлық тұжырымдамасына сәйкес, академиялық ұтқырлық (Academic mobility) – белгілі бір академиялық кезеңге (соның ішінде оқу немесе жұмыс тәжірибесі) студенттерді немесе ғылыми қызметкерлерді көшіру, әдетте, семестр немесе оқу жылы, басқа жоғары оқу орнына (ішкі немесе шетелде) оқуды немесе зерттеуді жүргізуге, өздерінің жоғары оқу орнында кредит түрінде игерілген білім беру бағдарламаларының белгіленген тәртіптемесінде міндетті түрде қайта есептеледі. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін, университеттердің үйлестірілген жұмысын тек оқу бағдарламаларын үйлестіру арқылы ғана емес, сонымен қатар European Credit Transfer System (ECTS) көмегімен бұл бағдарламаларды міндетті түрде есепке алу орындалады.

Қазақстанда академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың негізгі мақсаты – ол білім берудің сапасын халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу арқылы арттыру. Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық серіктес жоғары оқу орындар арасында студенттер, магистранттар алмасудың тиімді формасының бірі.
Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зерттеушінің нақты бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараманнан өтуімен бірге, 1 семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға (шетелдік, қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізуі. Әртүрлі аспектілер тұрғысынан академиялық ұтқырлықтың бірнеше түрі бар. Мысалы, сатылас және деңгейлес академиялық ұтқырлықты қарастыруға болады: Сатылас академиялық ұтқырлық студенттің шетелдік ЖОО-да толық білім алуын білдіреді, сонымен қатар келесі оқу деңгейінде басқа жоғары оқу орнында білім алуды қамтамасыз етеді; Деңгейлес ұтқырлық студенттің шетелдік университетте шектеулі мерзімге (семестр, оқу жылы) білім алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты дамыту тәжірибесін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бір академиялық кезеңде шетелдік жоғары оқу орындарына жылына 20-ға жуық білім алушы жіберіледі. Алайда барлық ЖОО бірдей білім алушы меңгерген кредиттерді шетелдік жоғары оқу орнында қайта тапсыруды жүзеге асыра бермейді. Осыған байланысты кредитті қайта тапсырудың нормативтік-құқықтық актісін дайындау қажет. Әлемдік білім беру кеңістігіне енуде интеграцияланудың (кірігудің) әлсіздігіне байланысты Болон үдерісінің академиялық ұтқырлық ұстанымдары айтарлықтай деңгейге жете алған жоқ.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық — білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі. Академиялық ұтқырлық дәстүрлі шетелдік тағылымдардан ерекшеленеді, өйткені, біріншіден, студенттер шетелге оқуға белгілі шектеулі мерзімге ғана кеткенімен, оқу бір семестрден бір оқу жылына дейін созылады, екіншіден, мұндай тағылымдамада олар толыққанды білім алады, тек тілді меңгерумен немесе жекелеген пәндерді игерумен ғана шектелмейді, керісінше, толық семестр немесе жылдық курстан өтеді, бұл дегеніміз – студенттің білімі базалық жоғары оқу орнына қайтып келген сәттен  жалғасып есептеледі.

Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып жүрген студенттердің шетелдерде қаржы жетіспеушілігін де назардан тыс қалдырмаумыз керек. Әрбір жобаға қатысушы адамға шетелде оқу ақысын мемлекет төлейтіні анық. Ал барған мемлекеттегі университет әкімшілігі көп болғанда жатахана берумен ғана шектеледі. Әрине өзге мемлекет болған соң ондағы студенттердің   тамақтанғанын, қарапайым жүріп тұрғанына біраз қаржы кететіні анық. Осы мәселе бойынша біздің ұсынысымыз мынадай болмақ, мемлекет пен шетел университеті әкімшілігі тарапына академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушыларына шәкіртақы тағайындау болмақ. Тағы да айта кететін жайт ол – жұмыспен қамту мәселесі. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өз білімерін жетілдіріп келген жас мамандардың жұмыс мәселесі бойынша қиындықтарын ескеру керек. Дәл осы себеп бойынша қаншама жас мамандар өз елімізде емес тыс шеттен жұмыс іздейтіні рас.

Қорытындылай келе, менің  ойымша, осы бағдарлама арқасында еліміздің білім беру инфрастуктурасы әлемдік деңгеге көтеріледі. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыратын студенттер қанша қиындыққа кездессе де, болашақта осы бағдарлама арқасында алған білімінің пайдасын өз елінде пайда ретінде көрсететініне нық сенімдемін.

Дариға  Мейрамбек, 

Конвергентті журналистика мамандығының 1-курс студенті.

                                                                                                           

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.