Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айыр қалпақты ағайындардың айрықша тартуы

0 261

Ертеден төсекте басы, төскейде малы қосылған қазақ пен қырғыз арасындағы байланыс бекіп, кең өріс алып келеді. Осының айғағы ретінде бүгін Қырғыз Республикасының Талас және Шу облыстарының Жамбыл облысымен көп жылдық сауда-экономикалық ынтымақтастығы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Көне Тараз» этномәдени кешенінің аумағында ұйымдастырылған жәрмеңкеде қырғыздық шаруалар құны 130,8 млн. теңгені құрайтын 128,6 тонна өнімді нарық бағасынан 10-20 пайзыға төмен ұсынды. Оның ішінде 21,7  тонна картоп, 19,1 тонна капуста, 15 тонна сәбіз, 2 тонна пияз, 30,1 тонна алма, 40 кг құрғақ жеміс және 0,5 тонна сүт өнімдері бар.  Сонымен қатар 2615 дана ағаш пен 100 дана гүл көшеттері сатылымға шығарылды.

Жәрмеңке барысында Қырғыз елінің өнерпаздары ән мен биден шашу шаштып, шараның шырайын кіргізді.

Айыр қалпақты ағайындардың айрықша тартуын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев бастаған азаматтар көпшілікпен бірге тамашалады.

Жәрмеңкеден кейін Қырғыз елінен келген қонақтарға Тараздың тарихи-мәдени ескерткіштері таныстырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.