Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айша анаға тағзым

0 714

«Анаға тағзым» орталығының алаңында «Ай мен Айша» облыстық жас қылқалам шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылардың көрмесі көрерменге жол тартып, керегеде үздіктердің жұмыстары ілінді.

Қылқалам шеберлерінің байқауына әділ қазы төрағасы, Қазақстан суретшілер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Айдархан Сихаев, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы-публицист Бекет Момынқұл, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің аға оқытушысы Мұхтар Егізеков, «Руханият және тарихтану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сауран Қалиев, Респбуликалық «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Михаил Те қазылық етті.

Байқау барысында Айша ананың образын жан-жақты ашып, қысыл-таяң уақытта перзенттерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген бейнетін қылқалам арқылы беруге тырысқан 150 дарынды жас сурет салып қана қойған жоқ, «Ай мен Айша» шығармасын оқып, тағдырын таныды. Олар қаламының ұшымен ақ қағаз бетіне қайсар ананың жүріп өткен жолдарын бейнелеп, өжеттігін үлгі етуге тырысты.

Іс-шараның шымылдығын Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бақдәулет Сариев ашып, жас өнерпаздарға ізгі тілегін арнады.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.