Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайрат Әділгерей ерсі қылығымен тағы да желіні шулатты

0 822

Соңғы уақытта ерсі қылықтарымен елді шулатқан Қайрат Әділгерей қайтадан халықтың назарына ілікті деп, хабарлайды Экспресс К.

Ғаламторды шулатқан видео Әділгерейдің Instagram-дағы тікелей эфиріне жазылған екен. Ол өзінің жұмысы орнында отыр. Аталған роликте Қайрат пен әріптесі Нұрсұлтан бір-біріне жымыңдап, кейін олар саусақтарын түйістіріп, «жүректің» бейнесін көпшілікке көрсетеді. Екі еркектің мұндай жат қылығын көрген әріптестерінің бірі екеуін осы қылықтары үшін тыйып тастайды.

Осы жерде сол ғана жетіспей тұр еді, — деді дубляжда отырған әйел.

Екі ер адамның бір-біріне қылмыңдап, осындай оғаш қылық жасағанын әлеуметтік желідегілердің бір тобы сынаса, енді бір легі әзіл ретінде қабылдапты.

«Қайратты көрсем көңілім көтеріледі», «Біраз көңілім көтеріліп қалды-ау», «Сіздерді тыңдау сондай қызықты. Жарайсыңдар», — деп жазды оқырмандары.

Айта кетейік, бұған дейін атышулы актердің дәл осындай ерсі әрекеттеріне әйелінің өзі күдіктенгені жайлы жазды және Қайрат Әділгерейдің түнгі клубта төбелесіп, бүкіл ғаламторды шулатқаны туралы да материал жариялаған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.