Қалалық қоғамдық-саяси газет

АЭС құрылысы – ел экономикасы мен экологиясына маңызды үлес

0 142
Қазақстанда атом электр станцияларының құрылысы – жай ғана технологиялық даму емес, ел экономикасы мен экологиясына маңызды үлес. Атом энергетикасының арқасында Қазақстан өзінің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, отын импортына тәуелділікті азайтып, энергия теңгеріміне қадам жасай алады.

Атом электр станциялары көптеген онжылдықтар бойы электр энергиясының тұрақты көлемін өндіріп келеді, бұл экономикалық өсуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар атом энергиясы – экологиялық жағдайды жақсарту арқылы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектесетін экологиялық таза энергия көзі. Айта кету керек, Қазақстан қазірдің өзінде уран өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады және бұл ресурсты өз мүддесі үшін пайдалану елдің әлемдік нарықтағы позициясын нығайтады.

Асылбек ЖАНТАЕВ,
«ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС бас директоры,
аудандық мәслихаттың 8-ші шақырылымының депутаты.
Байзақ ауданы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.