Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абаттанған аулалар қала көркін ашуда

0 237

Аулаларды абаттандыру жоспары аясында шаһарда биыл 14 балалар алаңы салынады. Ал үш жылдық жоспарға сәйкес облыс орталығының аумағында 150 аула абаттандырылмақ. Қазіргі таңда биылға межеленген 14 ауланың 5-і толығымен аяқталса, 9-ы таяу күндері ел игілігіне ұсынылмақ,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Айталық, Сағындықов көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің ауласында бой көтергее ойын алаңшасы – соның бір көрінісі. Тұрғын үй салынғалы бері бұл жердің ауласы ешқашан абаттандырылмаған. Құны 20 млн тұратын ойын алаңында кішкентай бүлдіршіндерден бастап ересектердің де салауатты өмір салтымен айналысуына бар жағдай жасалған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.