Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абайға арнау

0 265

Дархан Айзатхан,
Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы
Байзақ ауданы

Ардақты ақын Абайым,
Өзіңдей қайдан болайын?!
Мен-дағы жазғым келеді,
Келтірем қалай орайын?!

Ойларың терең теңіздей,
Өлеңің оймен егіздей.
Абайдай болсам, арман не?!
Сондықтан жүрем көз ілмей.

Шыңғыстаудың шынары,
Иманды ойдың тұрағы.
Ұрпағы шырқап салатын,
Тамаша қандай жыр-әні?!

Адамгершіліктің ұраны,
Арналы сөздің бұлағы.
Семейден ескен самалың,
Сезімді қозғап тұр әлі.

Мөп-мөлдір тұнық тұмадай,
Кеудеме келіп тұнады-ай.
Аспанында қазақтың,
Асқақтай қарап тұр Абай.

Осындай асыл сөздерді,
Оқыдым, ойым өзгерді.
Абайдай болу қайда деп,
Торыққан ойлар тез келді.

Болса да биік талабым,
Әлі де шәкірт баламын.
Ұлағатын ұғып өсемін,
Абайдай ұлы дананың!

Адамның асқақ биігі,
Ғажайып ойдың түйіні.
Ұстатпай маған қашады,
Қиялдың жүйрік киігі.

Ұлы ақын сөзі өлмейді,
Өшіруге тіпті көнбейді.
Абайдың асыл сөздерін,
Өзгертуге де келмейді.

Болсам да шәкірт ақылды,
Кім көрген ондай ақынды?!
Бір бәйге түбі тиер деп,
Отырмын қысып тақымды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.