Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аппараттық кеңесте қаралған мәселелер туралы

0 1  707
Қаралатын мәселелер Орындалу барысы /

шешу жолдары

Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі

Пәрімбеков Жеңіс Қуанышұлы

1 Тараз қаласы бюджетінің

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен болжамды орындалуы туралы

2023 жылдың 1 қаңтарына Тараз қаласы бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы 101,3%, есепті кезеңге жоспар 73 720,9 млн. теңге болса, орындалуы 74 669,9 млн. теңге немесе  949,0 млн. теңгеге артығымен орындалу күтілуде.Оның ішінде, өзіндік кірістер 103,2%, есепті кезеңге жоспар 29 271,3 млн. теңге, орындалуы 30 220,3 млн. теңге немесе 949,0 млн. теңгеге артығымен орындалуы болжануда.

 

2022 жылдың 19 желтоқсанына Тараз қаласы бюджетінің шығыс бөлігінің игерілуі 90,6%, төлемдер жоспары 98 444,7 млн.теңге болса, игерілуі 89 206,2млн. теңге немесе 9 238,6 млн.теңге игерілмеуі қалыптасып отыр.

ББӘ(бюджеттік бағдарлама әкімшілері) кескінінде қомақты игерілмей тұрған қаражаттар төмендегі мәліметтермен сипатталады: Атап  айтқанда:

Құрылыс бөлімі бойынша 4 661,9 млн.теңге,

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2 947,1млн.теңге,

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша756,9 млн.теңге,

Қалған барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен – 872,7 млн. теңге, оның ішінде: Қаржы бөлімінен жергілікті атқарушы органының резерві есебінен – 497,5 млн. теңге.

 

Зерделеу барысында қараша айының қалған 8 жұмыс күнінде 8 561,5 млн.теңге қаражат игеріліп, ағымдағы жылдың қорытындысымен болжамды игерілуі 99,3%, немесе 677,1 млн.теңге игерілмеуі болжамдануда.

Болжамды игерілмеу қауіпі бар қаражаттар төмендегі мәліметтермен сипатталады:

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша619,8 млн.теңге,

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша57,3 млн. теңге мемлекеттік қайтарымсыз грант бағдарламасы бойынша еңбек порталында 5 потоктың ашылмауына байланысты игерілмеу қаупі бар.

Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Ордабаев Жандос Ілиясбекұлы

2 2022 жылдың 11 айындағы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және жыл қорытындысымен болжамды көрсеткіштері туралы Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты.  Атап айтсақ:

Өнеркәсіп саласында 478 млрд. 809,8 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты индекс көлемі 109,9 пайызға орындалды (2021 жылы – 324 622,9 млн. теңге).

Ауылшаруашылық саласында 14,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,4 пайызды құрады (2021 жылы – 12,6 млрд. теңге).

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 107 млрд. 848,9 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 108,5 пайызға орындалды (2021 жылы – 97 662,7 млн. теңге).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 49 млрд. 813,3 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 101,2 пайызға орындалды (2021 жылы – 45 412,8 млн. теңге).

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 300,6 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 100,9 пайызды құрады (2021 жылы – 297,3 мың шаршы метр).

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 266 млрд. 312,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,9 пайызды құрады (2021 жылы – 230 809,7 млн. теңге).

Ал енді көрсеткіштердің қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен болжамды орындалуына келетін болсақ,

Өнеркәсіп саласында 508 млрд. 314,0 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты индекс көлемі 110,5 пайызға орындалуы күтілуде (2021 жылы – 368 804,6 млн. теңге) немесе желтоқсан айында 29,5 млрд. теңгеге есептілік тапсыру қажет.

Ауылшаруашылық саласында 14,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрайды деп жоспарлануда (2021 жылы – 12,9 млрд. теңге) немесе осы межеге жету үшін желтоқсан айында 330,8 млн. теңгеге есептілік тапсыру қажет.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 138 млрд. 553,2 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,0 пайызға орындалады деп күтілуде (2021 жылы – 129 361,3 млн. теңге). Ол үшін желтоқсан айында 30,7 млрд. теңгеге есептілік тапсыруымыз керек.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 66 млрд. 620,7 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,0 пайызға орындалады деп күтілуде (2021 жылы – 64 367,8 млн. теңге). Ол үшін желтоқсан айында 28,8 млрд. теңгеге есептілік тапсыруымыз керек.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемін 102,1 пайызға орындау үшін желтоқсан айында 65,0 мың шаршы метр есептілік тапсыру қажет.

Бөлшек сауда тауар айналымы көлемін жыл қорытындысымен орындау үшін 298 млрд. 441,9 млн. теңгеге жеткізу қажет (2021 жылы – 276 285,9 млн. теңге). Ол үшін желтоқсан айында 32,1 млрд. теңгеге есептілік тапсыру қажет.

Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

Алтай Айдын

3 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы Қазіргі таңда қала аумағындағы 635-дан аса азық-түлік тауарларын сататын сауда дүкендері жұмыс істейді,. оның ішінде: ірі сауда орындары – 50 сауда желілері, шағын маркет – 42 сауда желілері, үй маңындағы дүкендер – 543 сауда желілері.

Тараз қаласы әкімінің  12 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес қаладағы  11 округтегі барлық сауда дүкендерін қамту мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы  «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу және заңсыз дүңгіршектерді анықтау бойынша жұмыс тобын құру туралы»  №107-ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, қаладағы бас инпекторлары  қала әкімдігінің  бөлімдерімен бірлесе қала дүкендеріндегі әлеуметтік негізгі азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізіп, тауарлардың үстеме бағасын 15 пайыздан асырмау жөнінде хабарлама (уведомление) хаттары таратылуда.

Әр округтардағы орналасқан дүкендер саны туралы мәлімет округтің бас инспекторларына жолданды.

Сауда дүкендеріндегі бағалар туралы бас инспекторлардан келіп түскен мәліметті жинақтау және талдау жасау  кәсіпкерлік,  өнеркәсіп және туризм бөлімімен жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 14-15 желтоқсан аралығында жүргізілген мониторинг бойынша:

1 аумақтық округ бойынша: 9 дүкенге ескерту;

2 аумақтық округ бойынша: 7 дүкенге ескерту;

3 аумақтық округ бойынша: 10 дүкенге ескерту;

4 аумақтық округ бойынша: 12 дүкенге ескерту;

5 аумақтық округ бойынша: 17 дүкенге ескерту;

6 аумақтық округ бойынша: 6 дүкенге ескерту;

7 аумақтық округ бойынша: 9 дүкенге ескерту;

8 аумақтық округ бойынша: 9 дүкенге ескерту;

9 аумақтық округ бойынша: 4 дүкенге ескерту;

10 аумақтық округ бойынша: 11 дүкенге ескерту;

11 аумақтық округ бойынша: 9 дүкенге ескерту парақшалары  таратылып, барлығы 103 дүкенге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін жалғасын табады.

Шағын дүкендерде жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсеткендей  өткен аптада көкөніс өнімдерінің бағасының өсуі байқалды.

Бөлім мамандарымен көкөніс өнімдерінің көктерме бағасын анықтау мақсатында ағымдағы жылдың қараша айының 16 жұлдызында және желтоқсан айының 14 желтоқсанында «Ауыл Береке» базарындағы көтерме сауда орындарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Салыстырмалы түрде алатын болсақ;  14 желтоқсандағы мәлімет бойынша пияз бағасы 120 теңгеден 140 теңге, яғни 16,6 пайызға, қырыққабат 70 теңгеден 100 теңгеге, яғни 42 пайызға өскен. Картоп және сәбіз бағасы тұрақты.

Нәтижесінде «Үй жанындағы дүкендерде» пияз және қырыққабат өнімдері бағасы күрт өскен. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ауыл –Береке» базарындағы көтерме сауда орындарына пияз және қырыққабат өнімдерінің көлемінің азаюына байланысты аталған өнімдердің бағасы шағын дүкендерде қымбаттаған.

Сонымен қатар, желтоқсан айының 12-15 аралығында  Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мамандары  қаладағы «Үй жанындағы дүкендердегі»  50   сауда дүкеніне  мониторинг  жүргізіліп,  талдау жасалды.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Сламбекова Ұлана Сламбекқызы

4 «Бейбітшілік пен келісім» жобасы туралы 2022 жылдың 26 – 28 желтоқсан аралығында қала көлемінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы жүзеге асырылады. Жоба бойынша жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдардан, сарапшылардан, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын 3 жұмысшы топ құрылған, қаладағы өзекті мәселелер бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспары әзірленді.

1 топ – «Этносаралық және конфессияаралық келісім»;

Топтың құрамында ішкі саясат, денсаулық  сақтау, білім, дене шынықтыру және спорт, дін істері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар, көші-қон қызмет бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, қоғамдық кеңесінің және ардагерлер кеңесінің мүшелері мен Жамбыл облыстық «Отандастар қоры» КеАҚ фронт-кеңсесі филиалының және үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары бар (топтың құрамында 30 адам).

Аталған топтың мүшелері этносаралық тұрақтылықты нығайту, қандастарға азаматтығын алуға ықпал ету және жас ұрпақты Отан сүйгіштік патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында  этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен, өзге ұлт өкілдерімен, қандастармен, қала имамдарымен, спорт саласының мамандарымен, жастармен іс – шаралар өткізеді.

Күнтізбелік жоспар бойынша:

·         кездесулер саны –13;

·         қабылдаулар саны – 3;

·         спорттық іс-шара -1;

·         деструктивті діни ағым өкілдерін қоғамға бейімдеу бойынша 15 кездесу ұйымдастырады.

2 топ – «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту»;

Топтың құрамында Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды  реттеу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық  сақтау, жер қатынастары, ветеринария басқармалары мен  «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы, қалалық полиция басқармасы бар (топтың құрамында 30 адам).

Күнтізбелік жоспар бойынша аталған топ:

·         кездесулер мен жеке қабылдаулар саны – 4;

·         ашық есік күндері – 4.

3 топ – «Құқық қорғау саласы» тобы. Үйлестіруші қалалық прокуратура.

Топтың құрамында қалалық прокуратура, полиция және құқық қорғау органдары енгізілген (14 адам).

·           кездесу мен жеке қабылдаулар – 5

Жалпы 45 іс-шара өткізіліп, 1500-ге жуық қала тұрғындарының қамтылуы  жоспарлануда.

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Алтаев Ғабит Серғазыұлы (м.а.)

5 Жылыту маусымының өту барысы туралы Тараз қаласы бойынша жалпы жылу өндіруші және жеткізуші – 5 кәсіпорын бар.Олар «Таразтрансэнерго» МКК-ы,«София» ЖШС-і, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ы,«Жамбыл-Жылу» МКК-ы, «Таразэнергоорталық» АҚ-ы. Жылу қуатын өндіруші қазандықтардың жалпы саны – 56, қазандықтарда – 171 негізгі қазандар орналасқан, оның – 90 резервтік қазандар болып табылады.

2022 жылы жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындар тарапынан жеке қаражаттары есебінен 3530 метр ішкі және магистралдық жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.Атап айтқанда «Таразтрансэнерго» МКК тарапынан 2300 метр, «Жамбыл Жылу» МКК тарапынан 1160 метр, «София» ЖШС тарапынан 70 метр жылу құбырлары ауыстырылды.Бұл жұмыстар қаладағы жылу желілерінің тозу деңгейін төмендетуге бағытталған.

Қаладағы көмір қоймалары бойынша: Қалада жалпы көмір сатумен шұғылданатын 8 оператор бар. Олар ЖК «Курбанов», ЖК «Иманалиев», ЖК «Самандор», «ARES PVL»ЖШС-і, «Imperium logistics» ЖШС-і,ЖК «Галиаскарова», «Казугольснаб» ЖШС-і, ЖК «ADIS».

Ағымдағы жылы қала аумағындағы жеке тұрғын үйлердің жылыту маусымында пайдаланылатын көмір көлемі болжамды түрде 18470 тоннаны құрайды.Тұрғындар тарапынан шамамен 14 200 тонна көмір сатып алынған.Қала аумағындағы алқаптарға газ желісінің тартылуына байланысты, көмір сатып алу қарқыны айтарлықтай төмендеген.Қазіргі таңда, тұйықтарда шамамен 3200 тоннаға жуық көмір көлемі бар, Шұбаркөл көмірінің орта бағасы –15170 тг, Қаражыра көмірінің орташа бағасы – 16000 тг құрап отыр.

Жылу өндіруші және жеткізуші кәсіпорындардың резервтік отын қоры бойынша: Тараз қаласы бойынша жылу өндіруші және таратушы кәсіпорындардың негізгі пайдаланатын отын түрі-табиғи газ.Олар толығымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ЖӨФ-мен газ жеткізу жөнінде келісім-шартқа отырған.Кәсіпорындарда резервтік 10381,822 т мазут(«Таразэнергоорталық» АҚ-ы – 1865,822 т, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ы – 8176 т, «Жамбыл-Жылу» МКК-ы – 340 т), 635 т көмір («Жамбыл-Жылу» МКК-ы – 600 т, «София» ЖШС-і – 25 т, «Таразтрансэнерго» МКК –ы 10 т) қоры бар, қосымша 10705 т мазут(«Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ы – 9205 т, «Таразэнергоорталық» АҚ-ы- 1500 т) алу жоспарланған.

Дебиторлық қарыздары бойынша: Жылу өндіруші және таратушы кәсіпорындарға тұтынушылардың жалпы берешегі шамамен 614,95 млн теңгені құрайды. Оның ішінде «Таразтрансэнерго» МКК-ны – 276,4 млн теңге, «София» ЖШС-і – 5,28 млн теңге, «Таразэнергоорталық» АҚ – 178,3 млн теңге, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ы – 1,92 млн теңге, «Жамбыл-Жылу» МКК-ы – 153,050 млн теңге. «Таразэнергорталық» АҚ-ның «Таразтрансэнерго» МКК-ы алдындағы тасымалданған жылу энергиясы үшін 237,3 млн теңге берешегі бар.

15 шағын ауданның жылу мәселесі бойынша:75 көппәтерлі тұрғын үй бар. «Таразтрансэнерго» МКК-ның диспетчерлік қызметіне жылыту маусымы басталғаннан бері 737 өтінім түскен. Оның ішіндегі 51 өтінім 15 шағын аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу мәселесіне байланысты.

Шағын аудандағы  жылу желілерінде  дұрыс айналымның (циркуляция) жоқтығы көппәтерлі тұрғын үйлерге жылудың толыққанды жетуіне кедергі келтіруде. Бұл мәселені шешу мақсатында Айша бибі көшесінде орналасқан, 2017 жылы қабылданып, пайдалануға берілген алайда, бүгінгі таңға дейін пайдаланылмаған, жаңа насостық қондырғыларды (насосная станция) трансформатор қосалқы станциясымен бірге  15 шағын ауданға жеткізу, орналастыру бойынша мердігерлерден 115,8 млн. теңгеге баға ұсынымы алынып, орналастыратын орыны мен қосылу нүктелері анықталды.

Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі

Бабақұлов Ержан Нұрланұлы

6 15 шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы туралы 2022 жылы 71 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына 22,7 млрд. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда, 42 көп қабатты тұрғын үйдің (36 кредиттік тұрғын үй: пәтер – 2440 дана, 6 арендалық  тұрғын үй: пәтер – 380 дана, барлығы – 2820 пәтер) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде, бүгінгі күнге дейін 15 көп қабатты тұрғын үйлер қабылданды. Ал, қалған 27 тұрғын үйді жыл соңына дейін аяқтап, тапсыру жоспарда болған.

Алайда, құрылыс жұмыстарын кешіктіріп отырған 5 мердігер мекемелердің («Бином» ЖШС, «Вилена» ЖШС, «ЖХСИ» ЖШС, «ПМК-109» ЖШС, «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС) басшыларымен кездесіп, өндірістік кестеге сай және пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына мән беру керектігі туралы ескертіліп, жиналыс өткізілді.

Бүгінгі таңда, аталған нысандардың (тұрғын үй) құрылыс-монтаждау жұмыстары қатаң бақылауда. Қазіргі уақытта, «Бином» ЖШС, «ЖХСИ» ЖШС тарапынан нысандардың жұмыс барысы қарқынды жүруде, ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

Ал, «Вилена» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары өндірістік кестеден артта қалуына байланысты, сотқа берілді (2023 жылға өтпелі).

«Монолит-Дизайн-2030» ЖШС-мен бір жақты келісім-шартты бұзып, мемлекеттік сатып алу конкурсынан «ЕрНұрЖан Құрылыс-2010» ЖШС жеңіп алды. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан нысанның құрылыс жұмыстарын бастауға 29.10.2022ж. хабарлама (уведомления) рұқсат құжаты алынды. Қазіргі уақытта, нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, келісім-шарт бойынша 2023 жылға өтпелі. Сонымен қоса, «ПМК-109» ЖШС-нің 2 тұрғын үйінің құрылыс жұмыстарына толық қаражат қарастырылмауына байланысты, мемлекеттік сатып алу келісім-шарты бойынша 2023 жылға өтпелі. Қалған 23 көп қабатты тұрғын үйлерді ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтап, тапсыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, 29 жаңа тұрғын үй (кредиттік үйлер, пәтер саны – 1433) бойынша сараптамадан оң қорытындылары алынып, мемлекеттік сатып алу конкурстарына ұсынылды. Бүгінгі таңда, 25 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Нысандар 2023 жылға өтпелі болады.

Сондай-ақ, 4 көп қабатты тұрғын үйлердің техникалық қадағалаушыларына шағым түсуіне байланысты, қайта қаралуда. (№43-10, №43-13, №43-12, №17-8 техникалық қадағалаушылар анықталуда) Шығу мерзімін – 2023 жылға қарастыруда.

Аталған 29 үйдің құрылысына ағымдағы жылы 5 млрд. 370 млн. теңге бөлінген, тұрғын үй құрылыстарын толық аяқтауға келер жылы 11,815 млрд. теңге қажет етеді.

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі

Тукебаев Асаналы Әбдімүтәліпұлы

7 Кондоминиум нысандарын басқару органдары туралы Тараз қаласының тұрғын үй қорында 2022 жылдың жағдайы бойынша қайта түгендеу барысында 1406 көппәтерлі тұрғын үйлер бар, кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында 1192 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 85 пайыз (оның ішінде, 151 – бір қабатты барак типтес тұрғын үйлер, 1255 – екі және одан жоғары қабат үйлер).

Ағымдағы жылы Е-Шаңырақ тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресустарды орталықтандырылған жинау және сақтаудың ақпараттық жүйесі базасына – 1322 көппәтерлі тұрғын үйлер енгізілді.

2020 жылғы 7 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Басқару органдарының жаңа формаларына өту бойынша тұрғындармен жыл басынан жалпы 3280 жиын өткізілді. Жаңа басқару органдарына көшу жол картасы, жиын өткізу кестесі және медиа жоспар бекітілді. Әлеуметтік желілерде 161 публикация жасалынды және газеттерде 24 мақала жарияланды. Буклет брошюра түрінде 16000 дана инфографикалық материалдар таратылды. Жергілікті телеарналарда, атап айтқанда «77TV» бейнероликтер әзірленіп көрсетілді, «Qazaqstan Taraz» телеарнасында және  Қазақ радиосында тікелей эфирде сұхбат берілді. Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығында брифинг өткізілді, брифинг әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Осынын нәтижесінде қазіргі таңда көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп үстау үшін 153 мүліктің меншік иелерінің бірлестігі және 879 жай серіктестік құрылған, Easy Project Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  істері комитеті базасына толық енгізілді.

Сонымен қатар, 35 пәтер иелері кооперативтері 374 үйге қызмет көрсетеді.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері методикаға сәйкес әзірленді және 24 теңге сомасында болып белгіленіп, Тараз қалалық мәслихатының №17-6 шешімімен 2022 жылғы 19 тамызда бекітілді.

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

Бекежанов Нұржан Балтабайұлы (м.а.)

8 Жергілікті бюджетке жерді жеке меншікке сату және  жер телімін жалға жер пайдалану құқығын беру бойынша түскен түсімдер туралы Жергілікті бюджетке жерді жеке меншікке сату және  жер телімін жалға жер пайдалану құқығын беру –  303101 коды бойынша орындалғаны –  612 853 900 теңге (жоспар 450,0 млн.тг), 303202  коды бойынша орындалғаны – 49 436 500 теңге (жоспар 50,0 млн.тг).

Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес, gosreestr.kz порталында электрондық форматта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығына сәйкес, жер учаскелерін сату бойынша 3 сауда-саттық (аукцион) өткізілді, 9 жер телімі сатылып бюджетке 26 508 513 теңге қаражат түсті.

 

Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі

Абдешов Арман Әшімбекұлы

9 Құрылыс нысандарын пайдалануға беру кезеңінде атқарушылық түсірілімнің (исполнительные съемки) жасалуы туралы Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 24.04.2017 жылы № 234 бұйрығымен бекітілген«Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» және ҚР Инвестициялар және даму министрінің  24.04.2017 жылғы № 235 бұйрығымен бекітілген «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің»  3-қосымшасына сәйкес, Сәйкестік туралы декларацияның 8 тармағында көрсетілгендейжерасты инженерлік желілердің және немесе ғимараттың (құрылыс) нақты орналасуының атқарылған геодезиялық түсірілімінің орындалғаны (сәйкестік туралы декларацияға міндетті қосымша)  және атқарылған техникалық құжаттамасы толық көлемде, оның ішінде электрондық модулде міндетті түрде  қосымша ұсынылуы қажет.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  Заңының 34-2-бабының 2 тармағы 8) тармақшасында айтылғандай,  «Құрылысқа тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері» «Объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объект орналасқан жердегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына объектінің техникалық сипаттамалары жөніндегі қосымшасымен бірге,  объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны (атқарылған техникалық құжаттамасы толық көлемде ) және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды жіберуге» міндетті.

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Олжабаева Гаухар Елубайқызы

10 Кәсіпорындардың жұмыскерлерге жалақы қарыздары туралы 2022 жылғы 15-ші желтоқсанына Тараз қаласында 4 мекемеде 407 жұмыскерге 485 млн. 525 мың теңге жалақы берешегі бар. Олар:

– «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС 148 жұмыскерге 28 млн. 887мың теңге (2022 жылдың сәуір-қараша айларының жалақысы);

– «Айя-Сервис» ЖШС 83 жұмыскерге 24 млн. 430мың  теңге (АУП және жұмысшыларға қазан-қараша айына);

– «КATSA» ЖШС  36 жұмыскерге 8 млн. 062 мың теңге (қараша айының жалақысы);

– «Профессиональный футбольный клуб Тараз» 140 жұмыскерге 424 млн 146 мың теңге (2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларының жалақысы,  қыркүйек, қазан, қараша 2022 ж).

Ағымдағы жылы жоғарыда аталған мекемелерТараз қаласының  әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын  реттеу бойынша үшжақты комиссия отырысына  6 рет, облыстық комиссиясына 4 рет шақырылып, кәсіпорын өкілдері орын алған жалақы қарыздарын толығымен өтейтіні туралы  баяндап, міндеттеме алған.Нәтижесінде:

-«ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-гі бойынша жалақы қарыздары жыл басындағы 116 млн.798 мың теңгеден 87 млн. 911 мың теңгеге азайып, бүгінгі күнге 28 млн 887 мың теңгені құрайды;

-«Тараз кәсіпқой футбол клубы» бойынша жыл басындағы  501 млн. 435 мың теңгеден 77 млн. 289 мың теңгеге азайып, бүгінгі күнге 424 млн 146 мың теңгені құрайды.

Алайда, «Каtsa» және «Айя Сервис» ЖШС-і  қалалық  әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырысында ағымдағы жылдың  20 қарашасына дейін жалақы қарызын өтеуге міндеттеме алса да, уәдені орындамай отыр.  Жалақы қарыздарының көрсеткіші өсуде.

Бұл мекемелер жол құрылыс жұмыстарымен айналысады, егер қалалық тұрғын жай, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қаржыландыру болған жағдайда жалақы қарыздары төленетін еді.

Қосымша мәлімет үшін:

-«Айқын МСБ» ЖШС, 18 млн. теңге 35 құрлысшыға (2020 жылғы құрылыс жұмыстары үшін) алайда, оларда еңбек шарты жасалмаған.

-«Жасыл-ел Тараз» ЖШС-і жұмыскерлер алдында жалақы қарызы жоқ.

Тараз қаласының білім бөлімі

Қожамжарова Раушан Пернешқызы

11 2022-2023 оқу жылының өту барысы туралы Ағымдағы оқу жылында білім бөліміне қарасты 113 білім мекемесі(61 мектеп, 1 кешкі мектеп, 45 балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті) жұмыс атқаруда.

Мектептерде – 77 664 оқушы, бөбекжай-бақшаларда – 20 648 бала, қосымша білім беру ұйымдарында – 11 451 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар ерекше оқытуды қажет ететін 3279 балаға арнайы түзету қызметі көрсетілуде.

Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылу кестесіне сәйкес:

– бір ауысымда -1 мектеп (№60 ОМ, Кірпіш зауыты алқабы);

– екі  ауысымда – 59 мектеп;

– үш ауысымда  – 1 мектеп (№3 мектеп-лицей, «Бәйтерек» шағын ауданы).

№50 орта мектебінде үш ауысымдылық мәселесі осы оқу жылының ІІ тоқсанында №61 орта мектептің ашылуымен шешімін тапты.

Бүгінгі күні №61 орта мектебінде екі ауысымда 613 оқушы білім алып жатыр, оның 285-і  мектеп автобусы арқылы тасымалдануда.

Ағымдағы оқу жылы №3 мектеп-лицейде ғана (51 оқушы) үш ауысымдылық мәселесі бар. Аталған мәселе «Арай» алқабындағы құрылысы жүріп жатқан 600 орынды мектепті пайдалануға берілген кезде шешімін табады деп жоспарлануда.

Қараша айында 13 мектеп 22 модификациялық кабинеттермен жабдықталды. Мектептердің барлығы 40 мбит-сек жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілді.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 19 525 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен, 3545 бала тасымалмен қамтамасыз етіліп отыр.

Тасымал 11 мектепте (№№6,10,14,19,21,50,55,56,57,59,61)«Құмшағал, «Шөлдала», «Ақ жол», «Родничок», «Жігер» саяжайларынан, «Қызыл Абад», «Казарма», «Новостройка» ауылдарынан 19 автобуспентасымалданады.

Мектеп оқушылары 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етіліп (қаражаты – 873 млн. 146 мың теңге),мектеп кітапханалары 27 242 дана көркем әдебиетпен (89 598,136 мың теңге)толықтырылды.

Оқу жылының І тоқсанының қорытындысы бойынша білім сапасы – 57,7% (2021 ж. – 57,1%) болды. 5 бала белгісіз мекен-жайға көшіп кетуіне және 37 бала денсаулығына байланысты аттестатталған жоқ.

Шығармашылық байқаулар мен ҰБТ-ға дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Қыркүйек-қараша айлары аралығында өткен облыстық ғылыми жоба жарысында мектеп оқушылары 83 жүлделі орын (2021 ж. – 63 орын) алды.

Білім беру мекемелерінде барлығы 8712 педагог(мектеп- 7014, ББ-1398, ҚББ-261, арнайы мекеме – 48) жұмыс атқаруда. Оқу жылының басында орын алған дене шынықтыру, орыс тілі және өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің оқу жүктемесінің жетіспеушілік мәселесі шешімін тауып, бүгінгі күні педагогтардың барлығы нормативтік жүктемемен қамтылды.

Қараша айында Республиканың «Үздік педагог-2022» атағына №49 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Муратбаев Айбек иеленді. «Алтын тұғыр» байқауынан 21 педагог жүлделі орындарды иеленді.

2022 жылдың 11 айында 18 оқушының қатысуымен 15 қылмыс тіркеліп (2021 ж. – 14 оқушының қатысуымен 12 қылмыс), өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 20 пайызға, суицид 2 дерекке өсіп отыр. Осыған байланысты профилактикалық іс-шаралар күшейтіліп, полиция бөлімдерінің профилактикалық есебіне алынған 48 баланыңүй-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, аталған отбасылармен жеке жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі

Борисюк Оксана Валериевна

12 2022 жылғы кіші футбол алаңшаларының ағымды жөндеу жұмыстары және 2023-2025 жылдарға кіші футбол алаңшаларының қажеттілігі туралы Ағымдағы жылдың қараша айында 2 кіші-футбол алаңшасына ағымды жөндеу жұмыстары басталды:

1) Желтоқсан – Қонаев көшелерінің қиылысында (мердігер «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС, бөлінген сома 10,0 млн. теңге);

2) «Талас» (6) ш/а №9 үйдің ауласында (мердігер «Темірлан» ЖК, бөлінген сома 4,0 млн.теңге).

Тараз қаласы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес аулаларда қосымша 14 кіші футбол алаңшаларын салу қажеттілігі туындап отыр, оның ішінде:

2023 жылға – 4 спорт алаңшасын,

2024 жылға – 5 спорт алаңшасын,

2025 жылға – 5 спорт алаңшасын салу жоспарлануда.

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Тоқсанбаева Бақыт Тілегенқызы

13 Көше атауларын бірізділендіру туралы Көшелерді тарихи тұлғалар, жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен атау мақсатында 2021 жылы қаламыздағы 55 қайталанатын, 28 атауы жоқ, 11 мағынасы ескірген көшелерге жаңа атау беріліп, жалпы 94 көше қайта аталды.

Халық санағына байланысты жарияланған мораторий мерзімі аяқталғаннан соң, 2021 жылы атау беру және қайта атау жұмыстары жүргізілген қаламыздағы  37 көше   және шағынаудандарға   атау беру бойынша ұсыныс республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алып, 2022 жылдың 29 шілдесіндегі облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың №163,164 бірлескен қаулы және шешімдеріне сәйкес жаңа атау берілді.

2022 жылы жүргізілген жұмысты жалғастыру мақсатында ағымдағы жылы Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне тарихи  тұлғалар,  жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен атау бойынша 77 көшенің ұсынысы Қазақстан республикасы Үкіметі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына жолданып, оң қорытындыға ие болды. Қазіргі таңда, облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан бірлескен қаулы және шешімі әзірленіп, алдын-ала келісім алу үшін Әділет министрлігіне жолданды.

Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 36, бұрылыстар – 8, тұйық – 1, өтпе жол – 1, қайталанатын атаулар – 2, атауы жоқ жаңа көшелер – 29.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде көше тұрғындарынан түскен өтініштерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясында мақұлданған  «555 Тарихи тұлғалар»,  «380Тарихи жер-су атаулары» және «298 Дәстүрлі атаулар» тізімін басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізіліп қала көшелеріне атау беру және қайта атау бойынша 11 көшенің ұсынысы ағымдағы жылдың 19 тамызы күні өткен әкімдіктің отырысы мен қалалық мәслихаттың сессиясында қаралып, бірлескен қаулы және шешім  шықты. Қажетті құжаттары жинақталып, республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды. Оң қортынды алып, шешім шыққаннан соң, аншлагтар ілінетін болады.

Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 2, бұрылыстар – 2, қайталанатын атаулар – 2, бұрылыстар – 3, атауы жоқ жаңа көшелер – 1, жаңа алқап – 1.

Жалпы қала бойынша геонимдер саны – 1421. (Гидрокешен алабындағы  1-көше, Шаңырақ шағынауданындағы 15,16,18 – көшелер,  Кенесары даңғылы). Оның ішінде қазақша тарихи тұлғалар саны – 553, жер-су атаулары – 180, дәстүрлі атаулар – 250, орысша кісі есімі – 197, мағынасы ескірген орысша атаулар – 241.

Жалпы көшеге атау беру барысында  бірінші кезекте мағынасы ескірген орысша атаулар бойынша қайта атау жұмыстары жүргізілетін болады. (Степной, Арычный, Сельский, Клубничный, Яблочный)

Екінші кезекте елімізге қатысы жоқ, Кеңес Одағы уақытында қойылған орысша кісі есімдерімен аталған көшелер бойынша зерделеу жүргізіліп, атау беру жұмыстары жүргізілетін болады. (Ойшыл, революционер, суретші, саяхатшы, көсемдердің тағы басқаларының есімімен аталған көше атаулары – 103, Кеңес Одағының Батыры, ҰОС ардагерлері, көрнекті жазушы, ақындардың тағы басқаларының есімімен аталған көшелер – 92) 

Республика бойынша елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау мәселесі  бекітілген тізімге сәйкес жүргізілетіндіктен, қала тұрғындарынан үнемі жазбаша хат ретінде және әлеуметтік желі арқылы облыс, қала көлемінде танымал тұлғалардың есімдерін көшеге беру туралы ұсыныстар түсуде. Аталған ұсыныстарды жинақтап «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасына қала бойынша 50 тұлғаның есімі жолданды. Аталған ұсыныс облыстық ономастика комиссиясында қаралып, іріктеліп, республикалық ономастика комиссиясына жолданатын болады.

Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

Танатаров Жанболат Диханбекұлы

14 Қала аумағындағы өсімдік шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары туралы Қала аумағында өсімдік шаруашылығымен айналысатын 42 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылға 460,58 га жерге әр түрлі жеміс – көкөніс дақылдарын егіп, 17 654 тн өнім алды. Атап айтқанда:

«Жеңіс» шаруа қожалығы 20 га жерге  қант қызылшасын егіп, 1200 тн өнім алды (1га – 60тн).

5 га жерге арпа егіп, 10 тн өнім алды (1га – 2тн).

5 га жерге жүгері егіп, 100 тн өнім алды (1га – 20тн).

31 шаруа қожалығы 172 га жерге мал азығы дақылдарына егіп(жоңышқа), жалпы 1548 тн өнім алды(3 орымнан).

4 шаруа қожалығы 25,58 га жерге алма егіп, 767,4 тн өнім алды (1га – 30тн).

4 шаруа қожалығы 13,12 га жерге көкөніс өнімдерін егіп (қызанақ, қияр), 590,4тн өнім алды (1га – 45тн).

«Абдраймова», «Кадиркулова», «Жеңіс», «Олжабаев Айдар»,  «Олжабаев Асқар»,  «Туашбаев», «Қали», «Цой» шаруа қожалықтары 193,88 га пияз егіп, 14 541 тн өнім алды (1га – 75тн).

2 шаруа қожалығы 13 га жерлерін құнарландырып келесі жылға егін егуге дайындап жатыр.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлердің көлемі 2012 жылы 1446,1 га құраса, 2012 – 2022 жылдар аралығында 217 шаруа қожалықтың 985,53 га егістік жерлері жеке тұрғын үй салуға мемлекетке кері қайтарылған.

Шаруа қожалықтары егістік алқабын суғару үшін суды Жамбыл ауданындағы 3 канал арқылы алады.

«Кіші тоған» каналынан  6 шаруа қожалығы маусымына – 2,5 млн. текше метр  су, және «Аса – Талас» каналынан 20 шаруа қожалығы маусымына – 26 млн. текше метр су алады. Суға деген тапшылық туындамайды.

Шаруа қожалықтарының меншігінде барлығы 35 техника бар(3 – комбайн, 14 – трактор, 18 – жүк көліктері  және жер жырту соқасы, жер қопсытқыштар, тырмалар, шөп орғыштар, дән сепкіштер, картоп қазғыш тіркемелері бар). Техникалар толығымен жұмысқа жарамды.

Күзгі егін дала жұмыстарына келетін болсақ:

«Жеңіс» шаруа қожалығы – 20 га жергекүздік арпа екті.

«Абдраймова», «Кадиркулова», «Жеңіс», «Олжабаев Айдар»,  «Олжабаев Асқар»,  «Туашбаев», «Қали», «Цой» т.б. шаруа қожалықтары көктемгі егін дала жұмыстарына дайындық үстінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.