Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтаулық әйел қой сүйегін жұтып қойып, 30 күн бойы қан құсқан

0 2  327

Ақтауда дәрігерлер 49 жастағы әйелдің кеңірдегінен қой сүйегін шығарып алды. Сүйек 30 күн бойы оның денесінде болған, бірақ қаладағы емханалардың бірінде жасалған рентген бөгде затты анықтамаған,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 49 жастағы әйел булығып жөтелемін және аузымнан қан шығады деп шағымданған. Оның кеңірдегінен ұзындығы 4 сантиметр болатын қойдың сүйегі алынған.

«Қызығы сол, бұған дейін Жаңаөзен емханаларының бірінде жасалған рентген бөгде затты анықтай алмапты», – деп атап өтті дәрігерлер.

Нәтижесінде қойдың сүйегін үш минуттың ішінде алып тастаған. Сүйек 30 күн бойы әйелдің тамағында тұрған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.