Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтау тұрғыны белтемірге тартылудан әлемдік рекорд орнатып, чемпион атанды

0 658

Ақтаулық Ильдар Ягьяев белтемірге тартылудан әлемдік рекорд орнатып, әлем чемпионы атанды. Чемпионат Финляндия астанасы Хельсинкиде 23 қаңтар күні өтті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорттық додаға әлемнің 20 елінен 200 атлет қатысты. Жарыс алты түрлі салмақ дәрежесінде өтті. Жалпы сыйлық құны – 10 мың еуроны құрады.

Қазақстан атынан ақтаулық Ильдар Ягьяев қатысты. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Ол дайындық кезінде 90 килограмды көтерді. Одан кейін 96,5 килограммен бірге тартылып, әлемнің жаңа рекордын орнатты. Осылайша ақтаулық стритлифтер чемпиондық титулын алтыншы рет қорғап отыр.

Спорттан бөлек, Ильдар Ягьяев жедел тамақтану желісін басқарады. Атлеттің айтуынша, жарысқа дайындық барысында тамақтанудың маңызы зор. Сондай-ақ, ол – Маңғыстау облысындағы воркаут стрит пен стритлифтинг федерациясының президенті.

Айта кетейік, былтыр жыл соңында Ильдар Ягьяев Еуропаның жеті дүркін чемпионы атанды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.