Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтөбеде полицейлер тауып алған сөмкедегі 5 миллион теңгені иемденіп алған

0 165

Ақтөбеде тұрғын тауып алып келген сөмкедегі қаржыны полицейлер иемденіп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, К. және А. есімді полицейлер стационарлық постта қызметте болған кезде К. есімді азаматтан тауып алынған сөмкені қабылдаған. Кейін құқық қорғаушылар сөмкедегі 5 330 000 теңгені өздеріне қалдырған.

«Айыпталушылардың кінәсі дәлелдер, зардап шеккендер, куәгерлердің жауабы мен бейнежазбалар арқылы дәлелденді. Сот жазаны айыпталушылардың қылмыс жасағанына өкінетінін, кішкентай балаларының бар екенін және қаржыны толық өтегенін жеңілдететін дерек ретінде қарастырды», – делінген Ақтөбе сотының хабарламасында.

Ал қылмысты топ болып жасау және анттарын бұзуы жазаны ауырлататын дерек ретінде қарастырылған.

Нәтижесінде сот үкімімен полицейлер 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сонымен қатар өмір бойына белгілі қызметтерді атқара алмайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.