Қалалық қоғамдық-саяси газет

АҚШ-тағы химиялық зауытта жойқын жарылыс болды

0 149

  АҚШ-тың Луизиана штатының оңтүстік-батысында орналасқан химиялық зауытта жойқын жарылыс болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Westlake Chemical South компаниясының өкілі жарылыс таңертеңгі сағат 11 шамасында этилендихлоридті сақтауға арналған жерде болғанын хабарлады. Жарылыс салдарынан кем дегенде алты адам зардап шекті.

Зауыт өкілі Джо Анрепонт құрбандардың екеуі Ошнер Кристус Әулие Патрик ауруханасына, үшеуі Чарльз Лейк мемориалына жеткізілгенін айтты. Бір адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Жарылыстың себебін анықтау үшін жергілікті билік тергеу жүргізуді бастады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.