Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақпарат министрлігі журналист Михаил Козачковтың оқиғасына қатысты пікір білдірді

0 342

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Алматыда журналист Михаил Козачковпен болған жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің журналист Михаил Козачковпен болған оқиғаға қатысты ұстанымын түсіндіргім келеді. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз.

Конституцияның 20-бабы сөз бостандығына кепілдік беретінін еске саламын. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға және таратуға құқығы бар», – деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында.

Министр ведомство тергеу барысын қадағалайтынын айтты. Сонымен қатар құқық қорғау органдары болған оқиғаға қатысты тез арада құқықтық баға беретініне сенімділік білдірді.

«Министрлік өз тарапынан журналистке қатысты ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында берілген мүмкіндіктер шеңберінде тергеу барысын қадағалайды», – деді Омаров.

Айта кетсек, бұған дейін Михаил Козачков Facebook-тегі парақшасында көлігі бүлінгенін және өзіне әлдекімдер қысым жасағанын мәлімдеп, полицияға арыз түсірген. Ол болып жатқан оқиға журналистік қызметімен байланысты деп есептейді және өзіне қысым көрсетуші Алматы қаласы әкімшілік полициясының басшысы Нұрлан Аманбектен күдіктенеді. Бұған дейін ол Нұрлан Аманбектің ұлының тойынан деп жазба жариялаған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.