Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аға буынға лайықты құрмет

0 190

Ардагерлер кеңесінің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар «Тараз қаласының Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Сәндібек Піренов

Төсбелгінің алғашқы иегерлерін марапаттау рәсімінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдиярбек Түсіпов Әшірбек Сәрсенбиевке «Тараз қаласының Құрметті ардагері» төсбелгісін бірінші болып тақты.

1943 жылы майдан даласына аттанып, Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алған Әшірбек ата қаңтар айында өзінің 100 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Осыдан кейін мұндай құрметке 1927 жылы дүниеге келген ардагер Иван Макеев пен қалалық қоғамдық кеңестің хатшысы Алпысбай Смаилов ие болды.

Бұдан былай төсбелгі табыстау рәсімі жылдың соңғы айларында өтеді. Марапат ұйымға 5 жылдан бері мүше болып, ізгі бастамаларды іске асырып жүрген ардагерлерге табысталады. Ал оған ұсынылатын кандидаттардың жұмыстары алдымен аумақтық және қалалық ардагерлер кеңесінің отырысында талқыланып, қабылданған қаулыға сәйкес Тараз қалалық ардагерлер кеңесіне ұсынылады. Төсбелгімен марапатталғандар Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің «Құрмет кітабына» енгізіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.