Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Сән емес салдар: есірткінің шынайы бет-бейнесі»

0

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны туралы ақпараттандыру мақсатында «Сән емес салдар: есірткінің шынайы бет-бейнесі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Кемеңгер Әбдібеков жастарға нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны, есірткіге тәуелділіктің ауыр зардаптары және есірткі қылмысы үшін көзделген заңды жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді.

Спикер өз сөзінде жастарды есірткіден аулақ болуға, күмәнді ұсыныстарға ермеуге, зиянды әдеттерден сақтануға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Сонымен қатар қатысушылармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, көкейдегі сұрақтарға жауап берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.