Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі e-Jambyl порталында «Заңсыз құрылыс бойынша өтініш қабылдау» жаңа электрондық қызметінің іске қосылғанын хабарлайды:
Егер сіз заңсыз құрылыс болуы мүмкін нысанды байқасаңыз, енді үйден шықпай-ақ онлайн түрде өтініш жолдай аласыз.
Өтініш беру үшін:
- e-Jambyl порталына ЭЦҚ арқылы кіру;
- нысанның мекенжайын көрсетіп, картадан орналасқан жерін белгілеу;
- фотосуреттерді және қажетті құжаттарды тіркеу;
- өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.
Сондай-ақ өтінішті Telegram-бот арқылы беруге болады.
Өтініш қабылданғаннан кейін қаралады. Қажет болған жағдайда материалдар Жамбыл облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданады.
Қарау нәтижесі бойынша жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Сіздің өтінішіңіз заңсыз құрылыс фактілерін уақтылы анықтауға және тиісті шаралар қабылдауға ықпал етеді.
Өтініш беру:
e-Jambyl порталы:
Telegram-бот: