Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сарысуда «Әділет» партиясының кандидаттары өнеркәсіп өкілдерімен кездесті

0

Сарысу ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар Ерсін Сариев, Айтбала Жолмаханова, Нұркен Тоқбергенов және Асанбай Сейналиев өнеркәсіп саласының өкілдерімен, «Қазфосфат» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өндіріс саласының өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесудің негізгі мақсаты – партияның 2026–2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» атты өңірлік сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстыру, өндіріс саласындағы мәселелерді талқылау және еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, өңдеу саласына инвестиция тарту және жаңа өндірістер ашу – партия бағдарламасындағы негізгі міндеттердің бірі. Бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға дейін өңірде 116 инвестициялық жобаны іске асыруға және 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал ету көзделген. Сонымен қатар «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнестің кемінде 514 жобасын қаржыландыруға қолдау көрсету жоспарланған.

Жиында отандық өндірісті қолдау, кәсіпорындарды жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндіріс қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелеріне назар аударылды. Кандидаттар ірі өндіріс орындарының өңір экономикасын дамытудағы, халықты жұмыспен қамтудағы және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.

Кандидат Ерсін Сариев өндіріс саласын дамыту мен еңбек адамдарының мүддесін қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

«Өңір экономикасының тұрақты дамуы өндіріс орындарының өркендеуімен және еңбек адамдарының әл-ауқатымен тығыз байланысты. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында өнеркәсіпті дамыту, өңдеу саласына инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Біз кәсіпорындардың дамуын қолдап қана қоймай, өндірісте еңбек ететін азаматтардың лайықты жағдайы мен тұрмыс сапасын арттыруға да басымдық береміз» – деді кандидат Ерсін Сариев.

Сарысу ауданындағы үгіт-насихат жұмыстары өзге де кездесулермен жалғасты. Кандидаттар аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен жүздесіп, аға буынды әлеуметтік қолдау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелерін талқылады. Ұстаздар қауымымен кездесуде білім сапасын арттыру, педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағыттарына назар аударылды.

Сонымен қатар «Есіктен есікке» акциясы аясында Саудакент ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды және жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сарысу ауданындағы кездесулер барысында кандидаттар партияның бағдарламалық міндеттерін түсіндіріп, өнеркәсіп, әлеуметтік қолдау, білім беру және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрғындармен пікір алмасты.

Сарысу ауданындағы үгіт-насихат жұмыстары өзге де кездесулермен жалғасты. Кандидаттар аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен жүздесіп, аға буынды әлеуметтік қолдау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелерін талқылады. Ұстаздар қауымымен кездесуде білім сапасын арттыру, педагогтердің еңбек жағдайларын жақсарту және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағыттарына назар аударылды. Сонымен қатар, «Есіктен есікке» акциясы аясында Саудакент ауылының тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды және жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты.

Жалпы, Сарысу ауданында өткен кездесулер барысында кандидаттар партияның бағдарламалық міндеттерін түсіндіріп, өндіріс, әлеуметтік қолдау, білім беру және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелеріне қатысты ұсыныстарды тыңдады.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.